вторник, 3 апреля 2012 г.

Отан туралы



Біз қазақтар шын бақыттыммыз, себебі кіндік қанымыз тамған Отанымыз бар.

Патриотизм жекелешек сезім емес, бүкіл халықтық, ұлттық сезім, сондықтан ол күшті, ол ешкімге де тәуелді емес.

Отансыз адам - жайылымдағы хайуан.

Отаннан жаны артықтар Отаның сатады, бірақ сол жанын аман сақтап қалды ма екен?

Отан, махаббат, шындық, ерлік, еңбек өмірбақи жырлана береді.

Өз еліңде тас та мамық, жат елде мамық та тас.

Шәкірттерге ақындардың өлеңін көбірек жаттатыру керек, сонда ол табиғатты да, Отанды да құрметтей біледі.

Туған жерде әркім күшті, жай жерде күшейіп көр, қандай дәрежеде екеніңді білесің.

Туған жерің ыстық та, шұрат та.

Мәскеуде тұрып та туған еліңе қол ұшыңды бере алатыныңды ұмытпа.

Бесікте жатқанда әкенің баласысың, Жер басқан соң халықтың
баласысың.

Әр халық өз Отанын анасының есіміндей ардақтасын да, сүйе де білсін.

Жастар ғылымның әр саласын меңгере білсе, отанымыз көркейіп көтеріле түсер еді. Осыған қол жеткізуді армандап қана қоймай, күнделікті әдетке айналдыру керек.

Отанның әрбір шөбі, әрбір бұтасы, әрбір тасымен беретін жылуы күннің жылунан да артық па деймін?

Отан от басынан басталып, өзіңмен бірге есейетін қасиетті үғым.

Өз мінез құлқын қайда қалыптасса, сол жерден Отаның басталады.

Баланың «шыр» етіп дүниеге келгенде, «Отаным, қайдасың» деген қуаныш сөзі ме деймін.

Жар сүю парыз да емес, міндет те емес, ал Отанды сүю екеуі де.

Отаның үшін «ұсақ түйек» жоқ екендігін жүрегіңнің бір түпкірінде мәңгі сақта.

Өз ұлтыңның мұңы мен зарына күйініп, опық кешпесең, Отанымды сүйемін деуге мен келіспеймін.

Нағыз азаматта үш ыстық сезім бар: анаға, Отанға және сүйген жарға.

Отаншылдық сезімге сәби кезіңде бөленбесең, Отаныңды қорғай алмайсың.

Отаны жоқтың, Күні де жоқ, өмірбақи қараңғылықта.

Өз қажеттілігіңіз қоғам қажеттілігінен еш уақытта жоғары тұрмасын, сонда Отаңына пайдаңды тигізе алатын азамат боласың.

Отанның азаматы болуға міндеттімін дегенді Отан азамат етеді. Жарық дүниеге келген соң, көзің құрлы, көңілің жадыраңқы болсын. Қиындыққа көніп, иығың түсіп, жасушы болма, өр мінезділік басым болсын. Өршіл болмай, өрге шыға алмайсың.

Әр адамның өзі туып өскен жері жер ұйығы, оны ешбір жұмаққа айырбастамайды. Бала тәрбиесінде мұны ерекше атап өту керек.

Өзің туып өскен жерің өз жерұйығың, қадірлеп, қастерлеп, топырағын сүйіп жүр, шөбін иіске, тасын жастан, суына сусында, желіне салқында, аспанына қызықта, даласына көсіл, тауына армандап қара.

Комментариев нет:

Отправить комментарий