вторник, 3 апреля 2012 г.

Қоғам, заман, заң, билік пен саясат туралы


Билік тізгінін ұстаған минуттан қайсыбір азаматтар ақылды бола қалады.
Билікте бұл керемет ақыл өрісі бар ма, қалай? Ақылды боламын десеңдер, билікке ұмтылыңдар, бірақ бәрімізге билік тізгіні жете ме? Осыны да ойлаған дұрыс шығар!

Әр ұжымда тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге боларлық азаматтардың болуы сол ұжымның құты, берекесі, ол үлкен де, кіші де, жас та болуы мүмкін, ондай адамдарды ұжымға көбірек тарту керек.

Барлық кәрілердің үкіметтен бір ақ тілегі бар: елімізде әділ тәртіп, тәртіп және тәртіп орнату. Осыдан барлық іздегеніміз шығады.

Қоғамда тіршілік еткен әр адам сол қоғамына борышты екендігін ұмытпау керек.

Қоғам маған борышты деген психологияны жою керек, ол қате түсінік.

Қоғамдық жұмысты бірінші орынға қоймасаң, жеке бастың жұмысы алға баспайды, себебі жеке жұмыстың өзі қоғамдық игіліктен туады.

Кейбір адамдар қоғамға не бердім деп ойламайды, неге бермейді дейді.

Отбасы қамы қоғам қамы.

Қоғам адамымен жемісті.

Ұйымшыл ұжымда жұмыс істеу іскерлікке де, мәдениеттілікке де баулиды.

Бұйрықты орындамағанның не жүрегі жоқ, не көзі соқыр, не құлағы керең.

Қоғам мүлкін бүлдірген, бұзықтық жаққа жүгірген.

Кім жалқау екендігін анықтайтын сыншы ұжым, бірақ жалқау оны сезбей қалады да, ұжым қамқорлығынан тыс қалады.

Біз коммунизмсіз мір сүре алмаймыз, дейді кәрілер, себебі ол ұғым ойымызға да, қанымызға да сіңген, өлгенде өзімізбен бірге кетеді дейді.

Берекесіз ұжымда ұрыс керіс үстемдік құрады, бұл үлкен қырсық.

Қоғам, мектеп, жанұя кеңістіктегі үш нүкте сияқты бір жазықтықта жатады, сондықтан оларды бірінен бірін бөліп қарауға болмайды.

Кейбір мекемеде: бірі жиен, бірі нағашы, бірі бөле, бірі құда, танып біле алмайсың...

Табиғаттағы және қоғамдағы кейбір құбылыстар мен уақиғалар сана сезіміміз бен ойымыздың қозғаушы күшіне айналады.

Қоғамның дамуында бір мамандық мәнің жойып жатады, ал қайсыбір мамандық дамып жатады.

Қоғамдағы жағдай әр кезде өтірікке душар етеді, бірақ оған бармаған жөн, кейін өзің риза боласың.

Қоғам мүлкін аямай, бүлінсе мені жоя ма дейтін қулар бар ақ әлі.

Ақылды мен ақылдыны, ақымақ пен ақымақты, қу менен қуды бастарын біріктіруге болмайды, егер біріктірсек ешбір заң сақталмайды, сондықтан ұжымда аралас болып жүргендері дұрыс, тәжірибеде солай болып та жүр.

Кейбір ұжымда мияулаған мысық та, төбет ит те болып кетуі ғажап емес.

Үстемдік етуші езуші, бағынушы еркіндікті көксеуші.

Шығыс жарылқайды, батыс қабылдайды, оңтүстік оңдайды, солтүстік қолдайды, деп тіршілік етіп жүрміз.

Мемлекетімізді шын көркейткіміз келсе, барлық капиталистік елдермен қарым-қатынас жасап, солардан үйренуіміз керек, оқуымыз керек, сонда бір арифметикалық орта көрсеткішке жетеміз, бұны тездету керек, асығу керек.

ХХІ ғасырда біздің қазақ жастарынан Гамильтондар мен Мұқтарлар шығатынына кәміл сеніңдер, оны мектептегі шәкірттердің білімі көрсетіп те жүр, сене беріңдер, сенімге кездесесіңдер!

Қызмет бабында үш қазақтың ортасында отырып пікір айтуға болмайтын жағдайға душар болдық, себебі төртіншісі біреуінің нағашысы, не жиені, не құдасы, не бөлесі болып шыға келеді.

«Сәлем түзелмей, іс оңдалмайды» дейді, бұл саясатты түсінгендердің айтатын сөзі, тәжірибеде керісінше, «сәлемі түзу», істейтін ісі басқа.

Келе жатқан жаңа дәуір — нұрлы, көреген, ойлауы да, сезімі де басқаша, үмітпен көр де, кызықта.

Өткен заманды да, келешек заманды да балағаттауға болмайды, себебі әр заманның өз деңгейі, өз елшемі, өз идеологиясы, өз өсуі, өз төмендеуі болады, ал адамдардың бірі оған жете, не кері кете өседі.
Заманның өзгергені дегеніміз: күндіз аққу — түнде қарға, күндіз түлкі — түнде қасқыр болуды айтады.

Үкіметтің берген еркіндігі шектеулі, жаратқан берген еркіндік шектеусіз, неткен жомарт жаратқан десеңші!

Қазіргі кезеңде адам басы қымбат емес, қызмет орыны қымбат болып барады, қорқынышты да, қайғылы да, тек ақыл-ой төрелігі үстемдік етсін деп келешекке сенеміз.         

Барлық мен білетін діндер «жеккөрушілікті тек сүйіспеншілікпен женесің» деп үйретіп келеді, бірақ осыны дүние жүзіндегі халықтың үштен екі бөлігі түсінбей-ақ келеді.

Қылмыскер туа болмайды, жүре болады, оны оған жағдай итермелейді, сүйтіп өмір тіршілігін жүдетеді.

Заманың азса, жолдасың жау болады.

Қоғамдық ортадан күшті керемет жоқ, ол ұлы адамдарды да ақиқат жолынан тайдыра алады.

Ет жеймін десең, далаға бар,
Сыра ішемін десең. қалаға бар.

Қамал, үкімет, қауын—ішінен бүлінеді.

Адамды адам өзгертпейді, заманы мең уақыты өзгертеді.

Жаңа дәуір адамы болам десең: үш халықтың тілін біл, экономиканы сарала, компьютерді меңғер, басқасы осылардың тарту өрісімен келе беретін құбы- лыс.

Бір формациядан екінші формаңияға өткенде халық экономикалық және рухани күйзеліске ұшыра- май өте алмайды, харих сабағы осындай.

Замана заманадан бірақ ісімен өзгеше: әміршілер ғана өзгереді.

Нағыз ер ғасырмен бірге жасайды, жасы жылмен емес, ғасырмен олшенеді.

Жиырма бірінші ғасырда құдай аспаннан «манна» жаудырмайды, «маннаны» өзің жерден аспанға ұшыруға міндеттісің, себебі құдай бергенін қайта ала- ды, оны ұмытуға болмайды.

Әйелдердің ерлігі аз айтылып, аз жырланып келеді. себебі оларды еркектер тежеп ұстап келеді. әйелдер қоғамда өз орындарын еркектермен тең ала- тын уақыт жетті, бұл өмір ақиқаты.

 Жиырмасыншы ғасырда таппағаныңды жиырма бірінші ғасырда табасың, тіршілікке уақыт берінген, талаптана бер...

Өмір сүрген қоғамыңды сынай берме. Сыйлай беріп,  үлесіңді қосып, үлгіңді көрсет, көркейту мен өрлеуіне ойың мен жігеріңді сарқа беруге тырыс, азаматтығың сонда анықталады, еңбегіңді елің бағалайды.

Қазіргі базардың көркі қап арқалаған еркектер, шана сүйреген әйелдер, газет алыңдар деген балалар

Жоғарғыдағының бәрі ақылды деме, шын ақылды төменде жүр.

Заманыңа қарай мойның бұрылады, ал басың мақұлдап шұлғи береді, заманның күштілігі осы.

Дүниедегі ең қиын шаруа - бастықтың ертіп әкелген адамын қызметке орналастыру.

Дін ар-ұяттың сенімді дінгегі ме, онсыз адамдар айуан болып кете ме? Дін - дүниенің тұтқасы сияқты ма, қалай?

Еркіндік алған елге бірлік пен ынтымақтастық қажет, онсыз оның экономикасы да, рухани дамуы да бос сөзге айналып, бұрыңғы ескі көйлегін қайта киеді.

Жаңалық бірден қолдау таппайды, себебі біреу сенеді, біреу сенбейді, сүйтіп талқыга түседі де керекті жолын табады, ал жаңа қоғамдық формацияда қоғамдық-әлеуметтік жүйеде бірден айтарлықтай өзгеріс енгізу оңай жұмыс емес, уақыт пен жағдай керек, бірақ та халықтың сенімін, жігерін, бірлігін, тұрмысын бұрыңғы деңгейден төмендетіп алуға жол бермеу керек.

Өкімет — үстемдік етушіліктің үлгісі, ол заманына қарай құбылып отыратын табиғи құбылыс сияқты. Қоғамда барлық адамдар бірдей жағдайда өмір сүруі мүмкін емес, біреуі кеңшілікте, біреуі кемшілікте өмір кешіп жатады.

Түрменің керемет үлгісін бізге орыстар үйретті, социализм оны кемеліне келтірді. Тірі адам түрмеге қамалмаса деймін, ол үшін адал еңбек, ақылға қонымды шешім тауып, айыпкерді халықтың кепілдігі берсе, дұрыс дер едім, сонда қылмыскер де азая түсер.

Үкімет заңды шығарушы ғана емес, орьшдаушы да, онсыз оның жұмысы нәтижелі болуы мүмкін емес, халық сенімінен айырылып қалады.

Түрме мен көрдің айырмашылығы аз ба деймін, көрде жарық жоқ, меңіреу қараңкылық, түрмеде саңылау бар, болар-болмас күн сәулесі түседі, басқа ешқандай айырмашылық жоқ. Түрмеге түстім дегенің, көрге түстім дегенің.

Заңды сақтайтын бұқара халық ғана, басқасы заңды оқиды да, өз пайдасына асырады.

Жиырмасыншы ғасырдың ашқан жаңалықтары жиырма бірінші ғасырда жырланып халық поэзиясына айналады.

Халықтың рухани байлығы өскен сайын, үкіметтің жұмыс бағыты да айқындала түседі.

Ұстазды ардақтамаған мемлекеттің саясаты ел арасында рухани күшке айналмайды.

Мұғалім мемлекеттің көзі де, қолы да, жүрер аяғы да болып келеді, келе береді де.

Мектебі мен мұғалімі көп мемлекет өзіне берік ірге тас қалап жатыр деуге толық ауыз барады.

Кішкене ауылдан басталған тәртіп, президенттің ғимаратына дейін жеткенде демократиялық елміз деуге болады.

Реформаның жүрмей жатқан себебі: еңбек қаруын қолыңа ұстар-ұстамаста, өнім алмай жатып, салықты төлеп тастады, салықты өнім алмай жатып тапсыр дейді, содан қорыққан шаруа еңбек құралын қолына алмай, екі қалтасына қолын салып көше аралап  жүр. Реформа ақшасыз, адамсыз жүруі мүмкін емес.

Адамдарды қойдай жаман қыратын киноларды жоймаса, адамдардан адамдық қасиет қалмайтын болады. Адамда бір, жыртқыш та бір болып шыға келеміз.

Бастықты тыңдау жеткіліксіз, айтқанын мүлтіксіз орындауың да керек, әйтпесе тіл табыса алмайсың.

Кәсіподақ бос айғайдың бірлестігі емес, нақтылы істің бірлестігі.

Заман жаман емес, заманға бейімделген өзің жаман.

Әкімшілік — әміршілдік жүйенің түп мақсаты біреу-ақ еді: ұлт тілдерін жою, сүйтіп ұлтты құрту.

Қазақ мектептерін біртіндеп құрту үшін «аралас» мектептер жүйесін көбейтті, сөйтіп даудамай көрмей, қазақ кластарының тынысын тарылта берді. Бұл қабағат «жұмсақ педагогикалық әдіс» еді.

Нарықтың көзі — енімде, қолы — ақшада

Нарық саған көнбейді, сен нарыққа көнесің.

Қазір сын айтуды шектеу керек. Меншік өзіндікі болса, оған сын жүрмейді.

Саған ұнаған - жұртқа ұнамауы мүмкін, жұртқа ұнаған - саған ұнамауы ықтимал, сондықтан көп сергелдеңге түспей, өз жүрегің мен ойың, көңілің мен сезімін жайлы мақұлдағанын қате болса да жазу керек. Ешкімді тыңдамай жазу керек.

Біздің өміріміздің негізгі мәні қоғамдық формацияда емес, жағдайдың  жалпы халықтың жақсаруында.

Әлемдегі алдыңғы қатарлы халықтар алдағы өмірлерін мүмкіндігінше көрікті, көңілді, жеткілікті етуді көздейді. Ал біз, қазақтар, олардан қалып қоймас қамымызды ертерек ойлағанымыз жөн сияқты.

Заңға бас имеген елді өркениетті дей алмаймыз.

Іске аспаған заңнан көгендегі мақырап тұрған қозы артық, себебі дауысын естіп, алдына шөп тастайды.

Үкімет суық сезім мен қатыгездіктің ордасы.

Үкімет қылмыскерлерге тыйым салып қана қоймай, жазалаудың да әділ үлгісін көрсетуі керек, сонда халық үкіметті бағалайды.

Салық алып, салық төлеушіні қорғай алмаған үкімет өзі коррупцияға ілінген ауру үкімет, ондай үкіметті тарқату тиімді әрекет.

Үкімет дегеніміз саясаттың үстемдік құруы.
Саясаттың арқауы нақтылы өмір, қоғам талабына байланысты өзгеріп, өзіне қолайлы сәтті ешқашан да өткізіп алмайды, өз пайдасына бейімдеп алады.

Барлық саясаткерлердің түп тамыры біреу ақ, қарсыластарын жолдан тайдыру

Социализм қарапайым бұқара халықтың сағынышты арманы болған, бола да береді.

Қазіргі жастардың бейнесі: музыка тыңдау, билеу, аздап спортпен шұғылдану, жаңа фильмдерді босатпау, жұтуға бейімдеу тұру, кітапты аз оқу, той думанға шақырусыз бару, жұмыстың жеңілдеуін іздеу, ақшаны жақсы көру, достыққа үстіртін қарау. Қазіргі заман жастары осындай қасиеттерден тұратын жаратылыстар Қазақстанда «Алашорда» үкіметі бір ай он екі күн ғана өмір сүріпті. Ол Орынбор қаласында орналасыпты. Бірақ большевикер түнде әскермен қалаға басып кіріп, үкіметті құрушыларды тұтқындап, «Алашорда» үкіметін жойып жіберіпті. Ешбір адам «а» деп ауыз ашпапты, себебі өте қатаң қаталдықпен қырып, түрмеге үкімет адамдарын жауыпты. Сүйтіп, тәуелсіз мемлекеттің өмірі он екі күн бір ай ғана болыпты деп үлкен адамдар айтқанын талай естідім, бірақ оған онша мән бермеп едім. Бұл менің өмірді түсінбей, тек «большевиктік идеяға» берілгендігім еді. Большевиктердің кім екендігі тек сексенінші жылдарда ғана бізге айқндала бастады. «Большевизмнің» нағыз іс әрекетін жаңа ұрпақ анықтай түсіп, халыққа түсіндірер деген сенімім мол. Барлық «измдердің» қауіптісі «большевизм» екенін ұрпақ білуі керек.

Қала көркі үлкен базар.

Нарықтың заңына сенсең де, сенбесең де нақтылы өмірде ол сені сүйрейді, сен оның артынан еретін иті боласың. Ал ит болғың келмесе, нарықты мойындап, оның қамытын кидіріп, батыл алға жүр, еңбегің жанып, күнің жарқырайтыны анық.  Бірақ біз басқа елдерді басып озамыз демейміз, біздің қазаққа біткен сабырлық пен шыдамдылықты көрсете біліп, нарықтың нұрлы жолына түсеміз.
Қол қусырып отырмай, ертерек білек сыбанып кірісіңдер, азаматтар!

Заңды заң деп сыйла, адамды адам деп сыйла, сонда құдай жолынан ауып кетпейтіңіне уәде беремін.

Арсыздық пен алдамшыны  қару етпеген ұлы саясаткер бола алмайды, бұл тарихтың  сабағы, ойланып көріп, таңдау жаса.

Халық шежіресі нақтылы тарих, ал халық эпосы оны көркемдеу, бірін бірі толықтырып, әсерлеп, тарих үнүн естіртеді.

Әулетті мен дәулетті көбеймен бұқара халық оңала қоймайды. әулетті мен дәулетті мемлекет қазынасын толтыратындар, олардың көбейе беруін тілеңдер.

Жылы сөйлеп жұдырығына тас қысқан зұлымдықтың қазіргі кездегі әдісі.

Ұрпақ өзгермей, заман өзгермейді. Заманның өзгеруіне ұрпақ үлесін қосады.

Билікке отыратындар бұрын тағайындалып қойылған. Қоғамдық билік деген осы.

Бастықтың дәуірі жүргенде «боқтығы» қанатты сөз болып кететін, өтірік десең өмірді көрмегенің.

Кеңестік жүйенің бір жаманы «тұмсығын» тықпайтын саңылау қалмайтын, адамдарды тежеп, ерік бермейтін. Қазір одан құтылып, ауыр жүкті иығымыздан алып тастағандаймыз. Бұл қаншаға баратынын білмеймін.

Бастық ауысарда оның қойған кішкене «бастықтары» ұйқы көрмей, естерінен ауыса бастайды. Бұл «дәреже ауруы» немесе «мәнсап ауыруы» десем дұрыс па деймін? Оның вирустарын билік таратады. Бұл кейінгі кездегі жаңа аурудың түрі, ол бара бара сіңіп кете ме деймін.

«Көкіректе сайрап тұр, қолымды заман байлап тұр», депті бір данагер.

Базарға бара қалсаң, көзің де, құлағың да, аузын да елдікі, үйде осы үшеуі де өзіңдікі. Үйде жүйкең ауырып, мінезің бұзылмайды, базарға көп шыға берме.

Бастық болып көрмей, бастықты сынай берме.

Ұжым үш ұйымнан тұрады; біріншіден қозғаушы, екіншіден қолдаушы, үшіншіден қорғаушы. Осы үш ұғымның бірін көңілден тыс ұстасақ, ұжымнан жекеленіп қала бересің, ол жақсылыққа әкелмейді.

Басшысы болмаған халықтың әр адамы бақсы.

Менің ХХ ғасырға өкпем жоқ,  бірақ аларымды өзіме ала алмадым, өз қателігіме өзім жауаптымын. Жұмыс қуды болып жүре беріппін. ХХІ ғасырды көремін, аз ба, көп пе, он алты жыл онда өмір сүруім керек. ХХІ ғасыр менің ғасырым. Менің армандаған ғасырым!

Қай елдің болмасын саясаты ғылыми негізбен халықты сыйлау үрдісіне сүйенуі керек, сонда ғана ол халықтық, демократиялық мемлекет бола алады.

Қоғамды өзгертуге шаман келмесе, оған өкініп қайғырма, өзіңді өзің өзгертуге жете көңіл бөлгенің жөн. Сонда қоғамға да, өзіңе де, өзіңді қоршаған ұжымға да, туған туыстарыңа да пайдалы жан боласың. өзіңдегі бар кемшіліктің бәрін қоғамға жаба берген дұрыс көзқарас емес.

Мемлекет бар жерде коррупция бар, ол онымен бірге туады, бірге өседі, бірге ауырады, бірге өледі. Формасын өзгертіп, мазмұнын кеңейтіп, дамып отырады. Оны жою үкіметтің бірінші міндеті. Оны жоймаған үкімет бюджетін ешқашанда өсіре алмайды. Онымен күреспесе үкімет құлайды. Сондықтан, коррупцияға қарсы тұрарлық мықты заң керек, ол бұл құбылысты мықтап байлап, құлашын жая беруге жол бермеуі керек. Ал үкімет адамы коррупцияға ілінсе, ондай үкіметің барынан жоғы жақсы.  

Қайсыбір саятшылардың бір қолында гул болады, екінші қолында шоқ болады. Жақтайтын саясатшыңды таңдап ал, сөзі біреу, бағыты бөлек болуы мүмкін.

Әр адамның қоғамға берер өнімі көп, бірак оны басқа берер деп елемей жүре береді, бұл дұрыс емес, аз іспенен көп іс аяқталатынын білген мақұл.

Ңоғам болған соң халықтың сенімі боларлықтай идеологиясы болуы керек, ол мынадай деп айта алмаймын, бірақ байуға бет алу, кедейлікті, қайыршы- лықты жоюға ұмтылу неге идеология бола алмайды, себебі адам адам болғалы кедейлікпен күресіп келеді емес пе?

Әр адамның қоғамда алатын орны бар, оған дауласып керек емес, себебі бас бармақты ортаңғы саусақпен ауыстырьіп көрші, дөрекі ,қол пайда бола- Ды, сондықтан отырар орныңды ізде, ол өзіңе сай больтн жастай соны межелей білуғе үйрен.

Арсыз билікке қолы жеткен соң, бітірмеген іс қалмайды, биліктен кеткен соң малдарын жұт жайды.

Заңның құлы болма, ардың кұлы бол.

Өкімет билігінің қаһарына кезікпе, ол тек жұтып-жойып жіберуге дайын, биліктің бәрі осыган негізделген. Билеуші өзгереді, дәстүрі жетісе береді.

Билеушінің сөзі бүрыс болса да дүрыс, таңданып қарсы келе берме, сол бұрыс сөздің біреуіне кезігесің.

Билеушіге шындық айтып жақпайсың, мақтап қана жағасың, билеушілердіц бұл қасиеттері ғасырдан гасырға жалғасып келеді.

Саясаткерде бірақ арман мақсатқа жету.

Ғылым, өнер саясат жасайды, ал саясат оны же- телеп қоғамдық дәрежеге көтереді.

Осы күні ұры ұры емес, ұрыны ұстаған ұры болып кетті. Бұл не? Заман өзгерді ме, заң өзгерді ме? Менше, ұрыға арналған заң қоғам таңдамауы керек.

Қоғамдағы өзгеріс адамдарды қайта туғандай жағдайға келтіреді, оған таңданып таңдай қақпа, ол өмірдің бізге тәуелсіз заңы, сондықтан жаңа қоғамның талап-тілегіне, іс-әрекетіне өз үлесіңді косуды ұмытпа. Жаңа әр кез жеңіске жетеді.

Алдымызда ақылы көп, ақымағы аз заман күтіп тұр, бірақ оған білімді болып баруын міндет.

Қай дінді болса да, сыйлау керек. Бірақ ол дінге бас ию деп түсінбеу керек. Әр діннің ортасында қарапайым миллиондаған халық бар, олардың сенімін, азаматтығын сыйлау адамзаттың міндеті.

Қоғамды жақсы мен жаман ұстап тұрған сияқты, себебі бірде жақсы дегеніміз жаман болады, бірде жаман дегеніміз жақсы болып шығады.

Заманына қарай заңы жазылады, адамына қарай абырой тағылады.

— Адам арсыз ба, өмір арсыз ба, заман арсыз ба?—деп сұрапты ақсақалдан жігіт.
Адам да, өмір де, заман да өзгеріп, құбылып тұратын табиғи заңдылық, дәл мынау арсыз деп айту қиын, — депті ақсақал.
Түсіндім, ата сөзіңді, өз түсінігіңмен сезіп біл деп тұрсыз ғой, - депті жігіт.

Заңның орындалуын жоспарлы бақылауға алмаған үкімет – елінде тәртіпті тұрақтандыра алмайды.

Қоғамды аздырып-тоздыратын еңбегінен артық дәреже алатындар.

Саясаттан тыс адам - жайылған мал сияқты, шөбін жеп, суын ішсе болғаны.

Қылмыскерлер түбінде өздерін-өздері құртады, бірақ соны біле тұра шектеу қоймайды.

Саясатқа құл боласың, саясат саған құл болмайды. Сондықтан да саясатты түсініп қызмет етуін керек.

Экономиканың құлы болған елдің келешегі жарқын, саясаттың құлы болған елдің келешегі көмескі.

Жаңа заманға бейімделгің келсе, пікіріңді де, ойыңды да түбірлі өзгертіп, нақты сарамандық жолға берілу керек.

Комментариев нет:

Отправить комментарий