вторник, 3 апреля 2012 г.

Еңбек пен кәсіп туралы


Кеңсенің адамы болма, кеңестің адамы бол.

Ғарышкерде екі-ақ арманы бар: ғарышқа ұшу және аман-есен жерге оралу.

Әнші тойдың құты да, сәні де.

Еңбектеніп еңбектеніп, нәтижесін көрмеген ең үлкен өкініш.

Қайсыбір бастықтар үстемдігінен айырылса жүрек не қан ауруына ұшырайды.

Асығыс істе сөнбеген шоқ қалады.

Адамды еңбегімен бағалап, жылы тілек айтуға асық.

Адам өзіне-өзі көп күдік тудыра бермеуі керек, көп күдіктенсең ештеңе де бітіре алмайсың, ол ұғымнан жастай аулақ жүрсең, жолың ашылады, ісің алға басады, тек еңбекшіл бол.

Қандай да істің болмасың пәрменді уақыты болады.

Еңбегің мен білімің сай келсе, іздегенің өзі келеді.

Көйлегінің кіріне қарама, еңбегінің жемісіне қара.

Реті келмеген іс жүйкеңе іріткі салады.

Көздеген мақсатқа жету үшін, су кешіп, аш жүрсең де қайтпау керек.

Ұжымдық жұмыстың нақ ортасында жүрмесең, жақсы мінез қалыптастыра алмайсың.

Адам жасы жылмен емес, тындырған еңбегімен саналады.

Жалғыз іскерлікпен іс бітіре алмайсың, оған қосымша бірдеме бар сияқты.

Нәтижесін көрмей, қорытынды айтпа, ұятқа қаласың.

Мансап қума, істің мәнің қу, сонда мансап өзі қуып жетеді.

“Жұмысты бітіріп тастадым, бірақ аяқталмай жатыр”,- депті жалқау.

Мақсат болмаса, арман арман қалпында қалады, ал мақсатты іске асыру үшін үздіксіз соның жолына түлкі қуған аңшыдай түсу керек.

Аузыңды жыбырлатқанша, қолыңды қимылдат.

Ой еңбегінің құндылығы сонда, ол ғасыр талғамайды, сондықтан ақыл-ойды жетілдіруге көп мән береміз.

Ұзақ жасау мақсат емес, адам игілігіне жаралық іс қалдыру мұрат.

Адам барлық өмірін еңбекпен өткізіп, немен ауратынын білмейді,егер білсе, аурудың емін де, құралын да табар еді.

Жан тыныштығы дегеніміз - жақсы жұмыстың нәтижесі.

Дұрыс нұсқау Архимед рычагы сияқты бірсыпсра жұмыстарды көтеріп тастайды.

Бақыт бәрін салып еңбектенгенге бұйырады.

Ісің бітсің десең, ертеңгі күннің жүгін бүгін көтере бер.

Күнделікті жұмыста: біреудің орының сыйлайсың, біреудің бабын сыйлайсың, біреудің арын сыйлайсың, қала берсе жаның сыйлайсын.

Бақыт тірегі - еңбекте.

Еңбекшілге дәулет ағып келеді,
Еріншекке дәулет тамып келеді.

Қуаныш та, кініш те іс әрекеттің нәтижесі.

Еңбек құшағындағы адам көрікті де, көңілді де.

Тегінде жұмыстың бәрі жақсы, бірақ істей білуімізге байланысты.

Әр істе де саналы, сабырлы әрекет қажет.

Еңбектің де көзі бар, жалқау болсаң, көріп қояды.

Қолында қола болса да алтын деп бағала, онсыз еңбектің мәнің білмейсің.

Істеусіз жатқан жұмыс мысыққа мен келгенше тышқан ұста деген сияқты.

Еңбектің жемісі далада өсіп, үйде піседі.

Жұмысқа іскерлікпен кіріскен ұжымды ауру сырқау алмайды.

Қарапайым жұмыста қажырлы еңбек жатыр.

Еңбектегі табыс оның құның бағалай білуден туған нәтиже.

Зерігуді білмейтін - іске берілген жан.

Біткен істі кемітпе, ол тәккапарлық.

Еңбекшіл адаммен әңгімелесуден жалықпа, өйткені бойыңа күш-қуат пен
жігер ұялатады.

Әртүрлі жұмысқа араласып, бірге істесіп жүрудің өзі адамға жақсы демалыс.

Мамандық - мен өзім.

Кімге болса да бірақ тілегім бар -  денсаулық, қалғанын өзің тауып аласың.

Еңбектің де екі түрі бар: адал және арам. Адал жүрек құты, арам жүрек жұты.

Жоспар - табыс пен тәртіптіліктің тас жолы.

Мамандықтың бәрі жауапты.

Ащы тер, талған білек, ауырған бел - нәтижелі еңбектің куәсі.

Жұмыста табыс болса, істей бергің келеді.

Әр күнді жүгіріспен өткіздім, бірақ істеген ісімнің рахатын аз көрдім.

Ортақ іске ат салыспау ер азаматқа өкінішті-ақ.

Әрекетті ой - жұмысты бітіреді.

Еңбек ете біл, қорытындысын басқалар айтады.

Істеген ісіңде нәтиже болмаса, қажисың да, толқисың да, қысыласың да, бірақ
өзіне өзің сабырлық жасап, үмітпен тоқтайсын.

Іскер адамға, кәрі-жасына қарамай, төрден орын бер.

Оңай іс жоқ, оңай күлкі бар.

Шаруашылыққа жарамас зат болмас, бір-бірлеп қапқа дән салсақ, қап бос
қалмас.

Бұзақыны, жалқауды түзетіп көр, еңбектің құдіреттілігін түсінесің. Еңбек
біздің түп атамыздың аты, ол бізбен бірге жасасады.

Іске бүгілшек адамдар қай уақытта бүгіліп кетіп қалғаның сезбей де қаласың.

Кішкене іске мән бермесең,үлкен істен үміт күтпе.

Еңбек, еңбек дейміз, бірақ еңбектің де еңбегі бар,бірі қуаныш, бірі өкініш.

Қолымнан келмейді дейді кей біреулер, жоқ, олай емес, шын берілсе қолдан
бәрі келеді де, кетеді де,қол ұзарады да, қысқарады да, қол бақыт әкелуші
құрал.

Еңбексіз адамға қауым болып көмектеспесе, өмір сүруі қауіпті.

Бізді тудырған да еңбек, өлтіретін де еңбек, еңбек деп туып, еңбек деп өлесің.

Істі бітірем деушілер көп, бірақ бітіргендер аз.

Еңбекпен келген тиын отбасына береке әкеледі.

Кейбір жағдайларда барлық адам істейтің жұмысты бір-ақ адам істейді, бұл
неліктен?

Егер адамның көзі бақылауда, миы ойлауда, тілі сөйлеуде, қолы істе, аяғы
жүрісте, құлағы тыңдауда, жүрегі соғуда болса, таңғажайып жұмыстарды бітіреді, бірақ осы мүшелерімізге ерік беріп өз функцияларын орындата алмай жүрміз, сондықтан да бар кемшілік өзімізден.

Ұлы істің басы тыныштықта, соңы шаттықта.

Жоспар құрылмай, іс бұрылмайды.

Құр бақылаушы болма, әрекет жасаушы бол.

Жұмыс бастылық, күйсіз жағдайға әкелуі мүмкін.

Жұмыс бітсе, ұйқы да тыныш.

Көңілдегідей істелген жұмыс кәуә тілемейді.

Бір істің бітуіне, екінші істің табылуы себеп болады.

Іс алды сәт, ас алды бісміллә, мұның біріншісін басқа үшін айтасың, екіншісін өзің үшін айтасың.

Меңінше автор не жазам десе де еркінде болуы керек, нұсқаумен жазған қорлық.

Барлық тіршіліктің көзі біреу ақ  еңбек.

Бір кітап жазу үшін мың кітапты шайнап жұту керек.

Жақсы да ісімен жақсы,
Жаман да ісімен жаман. 

Жұмыстың қайсысына болмасын бейімділік, таланттылық керек, қорқып
шошынба, екеуін де өзің жасайсың.

Жұмыссыздық үлкен қырсық, құтылудың жолын жатпай тұрмай ізде, сеніммен іздесең табасың.

Әр жұмыстың, әр істің,әр кәсіптің, әр зергерліктің кзге көрінбейтің тетігі бар, соны тапсаң өнер сеннен алыс кете алмайды.

Бақыт құсы басымыздан күнде ұшады, қайтып келу келмесі еңбегіне байланысты.

Өзгеге иек артпау үшін еңбек етіп өмір сүреміз.

Салғырттық пен бойкүйездік әр істе тұсау болады, одан бойды да, ойды да алыс ұста.

Ойланып жазғанып сәтті деуден аулақпын,  бірақ еңбектеніп көрдім.

Еңбегің жанбас жерде еңбектенгенше, далаға бар да, алтын іздеп жер қаза бер, әйтеуір бір табарың сөзсіз.

Әр адам өз еңбегінің маңызды екенің көрсете білуге міндетті.

Жоқты табамын, істі тындырамын деп жұмысқа кірісу керек, сонда елге
сенімін артады.

Жұмысың көңілдегідей шықпаса, онда көмекшілеріңнің салақтығы.

Көз шындыққа, қол жұмысқа бейімделсің.

Міндетіңді білмей, жұмысыңды бітірмейсің.

Біреу су тасып жүгірсе, біреу су төгіп жатады, ол бірліктің жоқтығы.

Сұрау бергенде терледім, жауап бергенде шөлдедім.

Тындырмаған жұмысты, өкіндірер көп істі.

Көңілдегі мақсатқа жету үшін, ұсақ түйекті ұмыту керек, әйтпесе етегіңнен
ұстап жібермейді.

Ізденгенге жұмыс табылады, бірақ істемей жүрміз, сол жағы маған ұнамайды.

Еңбектің ұлылығын іс біткенде білесің.

Барлық дәуірдің бақыты еңбекте, басқаның бәрі алдамшы, сондықтан да жастай еңбекке бейімделіп, икемденіп өсуге талпын.

Адам тұрмыстың құлы. Тойынып көр, ашығып көр, қалай өзгеретініңді білесің.
Бүкіл әлем тар болуы мүмкін, одан өзіңе бір табаның сыятындай жер таба алмауың ғажап қиял емес, тағдыр, болмыс, тұрмыс жағдайы
деген осы. Сондықтан тіршіліктің жолын адаспай табуды ертерек ойлаған қажет пе деймін?

Шыдамдылық, сабырлық әр істе табысқа әкелуі мүмкін, бірақ бұл екі қасиет адамдарда бола бермейді, бірі бар да, бірі жоқ.

Көп еңбектенсең жақсы демаласың, көп сөйлесең өзіңді де, басқаны ба қалжыратасың.

Өмірімнің 80% ұстаздық жолына кетіпті, қоғамдық тегін жұмысқа 13%, ал қалғаны тек өзімнің билігіме тиіпті, аз, аз болса да ризалық еткен жөн, «риза болсаң маған, тағы берем саған» депті ғой Жаратқан.

Қырық жыл жұмыс істегенге шапсаң қылыш, атсаң оқ өтпейді, онда бұрылмас бірақ жол бар, өзің де сезінесің...

Еңбек жаратқанның жіберген сыйы, оны істемесең жаныңды тапсыра бер.

Қулықпен табылған қуылып кетеді, еңбекпен табылған сіңіп кетеді.

Иті бар үйдің бір ісі артық.

Қалаға барсаң қап апар, қалтаң бос қайтады.

Айғаймен істелген жұмыста тез шаршайсың.

Тұрағың ұнамаса — кетесің, тұрмысың ұнамаса — жүдейсің.

Ерте тұрсаң, ерінбей еңбек істе, есік алдында бос отырғанмен іс
бітпейді.

Атақ алу үшін жұмыс істемейсің, тіршілік кұру үшін істейсің, мұны ұмытуға құқың жоқ.

Тіршілік әрекетін іздегеннің бәрі бақытты.

Қарыннан тажал нәрсе жоқ, қайнап жатқан қазандай, сол қазанды
толтырам деп өтерсің еңбекпен аянбай.

Әр істің тетігін тап. Ол азаптанбай, ышқымбай келе бермейді, сонда барып зергерлік дәрежеге жетесің.

Еңбекшіл адам бір істі бітіріп, екінші ісіне кіріседі, сүйтіп табысқа жеткенін сезбей де қалады.

Еңбек: азап та, тозақ та, жұмақ та, себебі еңбектеніп-еңбектеніп рахат көрмейсің, еңбектеніп-еңбектеніп түрмеде отырасың, еңбектеніп-еңбектеніп данқ пен байлыққа бөленесің, тегінде еңбектен опық жемейсің.

Тіршілікті көркейтетін еңбек пен адалдық, басқаның бәрі жалған, жағымпаз шығарған сағым өтеді де кетеді, ұстай алмайсың.

Қандай болмасын іс-әрекет жасау үшін, өзіңнің ішкі дүниеңмен үздіксіз
күреске, күйзеліске түсесің, сонда шешуші рольді ми мен жүрегің айтады.

Алақан қабармай, ақша таба алмайсың.

Қажырлы, өнімді еңбек еткен халық ұлына ғана лайық.

Ақылдылық пен іскерлік біріккенде ғана іс алға басады, өнеді, өседі, ал жеке-жеке болса, ешқандай нәтиже шықпайды.

Ала жіпті аттамаған талай азаматтардың адал еңбектері жанбай-ақ кетті-ау.

Жаратқанды аузыңа алғаның дұрыс, бірақ ол тіршілік бермейді, өзің жасайсың.

Еңбектің де еңбегі бар сияқты, біреу 40 жыл істеп таңдайы кеуіп кетеді, біреу 10 жыл істеп шелденіп өтеді.

Шыңырау түбінде алтын ине жатыр, тауып алудың әдісін тап, сонда өзіңе-өзің сенуің артып, жаңа дүниенің есігін ашасың.

Мал өзімдікі, екі құлағына да алтыннан сырға тақсам да еркімде дегенге келдік.

Тәбетің болсын десең, еңбек ет.

Ерте тұрған адам, ертеңге жұмыс қалдырмайды.

Не іс те болса ынталанып көрген жақсы, алға аз болса да ілбисің.

Еңбекпен табылғанның бәрі — олжа, денсаулығыңа тұтын.

Нанның ұсағын да аузыңа сал, еңбекпен келген.

Еңбегі алға баспас, жұмыс істеп жүріп «кетем», «кетем» дегеннің. Не істесең де, қажырлы бол.

Асыраған малын көріп, қожасының қандай пенде екендігін айтуға болады.

Сүйек таппас ит жоқ.

Өріс жайлап мал баққан бақыт та, байлық та, дерт те, сенбесең бағып көр.

Ата-бабамыздың кәсібін дамытып қана қойып, жаңа тілекке сай өзгерте де біл, ол дамудың заңы.

Жол шығарда сенген көлігіңді сегіз рет тексеріп қарау керек.

Тірлікке теңеу жоқ.

Кім еңбек етсе, оның қоғамда үлесі бар, әділдікпен беріңдер.

Ертеңге қалған жұмысқа екі есе шығын шығарасың.

Көңілшек жұмыстың ауыр жеңіліне мән бермейді.

Игі іс істеуге жастай талпын.

Адамды жүнжітетін — жұмыссыздық.  

Қай жұмысқа кезіксе де қара нөсердей, астын үстіне шығарып жіберетін,
істі тыңдыратын адам көп-ақ.       

Кейбір еңбекке араласпаған жігіттердің алақаны ұлпа қардай,
амандасқанда жібіп бара жаткандай.

Жұмыс жоқ емес, жұмысқа деген жұғыныс жоқ.

Заттың керексізі болмайды.

Саусақсыз алақан не алар дейсің?

Мал баққандікі, жоғалса тапқандікі, бірақ баққан малын ала алмай жүр,
тапқан малын баға алмай жүр.

Жаз ұзақ деп жатып алма, қыста жазаңды тартасың.

Еңбектің басы— михнат, соңы — бақыт.

Тіршілік жихаз, бірақ соны сапалы да, саналы да етіп өткізу үшін, үздіксіз жұмыс істеп келеміз.

Табам деген табады,
Көрем деген көреді;
Жетем деген жетеді,
Естимін деген естиді,
Сезем деген сезеді.

Ертеңгі күннің несібесі бүгінгі күннен  басталады деп еңбектен.

Тамаққа келгенде тәбетің ашылсын, жұмысқа келгенде көңілің
жадырасын.

Күнде пайдалы іс істеуге әдеттену керек.

Біз әр кез қателесеміз, адасамыз, өкінеміз, сүйтіп ісіміздің сәтті кезеңін күтеміз.

Үміт - ойлаған ойды іске асыру үшін өте қажетті ақылшы адамың сияқты, үміттен алысты жақындатып, жоқты бар ететін сияқтымыз, бірақ
еңбексіз үміт құр қиялға толып жоғалатын сияқты.

 Үміттене білсең, еңбектене де біл, еңбек үміттің жібі.

 Ағайын көп болса алаңдама, бүгінгі істі ертеңге қалдырмайды.

 Еңбектің жемісі дорбалай келмейді, шым-шымдап келеді. Істен нәтиже
 күтуде сондай.

 Бір жұмысты бастап, ортасына жетпей тастап, мен жұмысты аяқтап қалдым
 деушілер де бар-ау.

 Әр жастың міндеті әке жолын қуу емес, өз жолын табу екендігін ұққан дұрыс.

 Тіршілік әр түрлі тауқыметімен мазмұнды.

 Сұр бұлттай қаптаған пәледен сақтан, оған әділеттілік жеткіліксіз, әрекет жасау керек.

Еңбек істемесең, балаң да жат көрінеді, сондықтан бірлік пен тіршіліктің көзі еңбекте, осыны мыңдаған ғасыр айтып келеміз, бірақ әлі түсінбеген, сезбеген адамдар бар.

Диқаншы — тіршілік ұрқын жинаушы.

Бір уыс дән егіп, он уыс дән алуға үйрен, бұл әр адамның төл ісіне айналсын, сонда жер мен судың қасиетін білесің.

Бірігіп бір кісідей еңбек істемей, жоқшылықтан құтылуға болмайды.

Тіршілік жақсы ойдың туындысы.

Кімде-кім өз өмірінде пайдалы жұмыс істесе, оның өмірі тектен тек өткен жоқ.

Жұмыс жүріп, өнім көбейген сайын жүмысты істей бергің келеді, тіпті жалығуды да, зерігуді де ұмытасың. Сондықтан жұмысты жан-тәніңмен
беріліп істеуге дағдылан.

Біз өмірді өзіміз қиындатамыз да, артынан өкініп, қайта аласұрып жұмысқа кірісеміз.

Шын ізденістегі адам қате жібереді, адасады, іздейді, қайта адасады, қайта іздейді, шын еңбек деген осы.

Шығармашылық жолға түскен адам қорқуды білмейді, тек жеңіс үшін еңбектенеді, тер төгіп, ұйқыдан айырылады. Олар ерікті, шын ерікті адамдар.

Толағай бабаң дөң көтерсе, сен тау көтер.

Еңбектенбесең ақшаның тиыны көрінбейді.

Сайып келгенде, қандай қиындық болса да бірлікпен ғана жеңеміз.

Идея тумай, тәжірибе келмейді.

Тәжірибе күнделікті жұмыстың кілті, жоғалтпай ұста.

Жұмыс бітіремін деме, жұмыс істеймін де, себебі тіршілікте бітетін жұмыс көрмедім.

Әр маманның, әр ақынның, әр әншінің өз стилі болады.

Кәсіп сені қумайды, сен кәсіпті қуасың, жетудің кысқа жолын іздейсің.

Еңбек саған тәуелді емес, еңбекке сен тәуелдісің, сондықтан еңбектің әр
саласынан мағыналы, нақтылы хабарың болуы керек.

Жұмыссыз тынығу жоқ

Өзің істей алмасаң, күндеп жаман сөз айтуға ұялу керек.

Қай салада болмасын, еңбек өнімділігін арттыру негізгі мәселе, өйткені мұнсыз нарықтық экономиканы жан жақты дамыту мүмкін емес.

Жерге тер төкпей, жанқиярлық ауыр еңбек істемей, ауылдағы жеке шаруа өнім ала алмайды. Жер, су, еңбек үшеуі қосылып барып нәтиже береді, бірі жоқ болса, ешқандай өнім болмайды.

Қазіргі біздің капитализімізде еңбектің үлкені, кішісі жоқ, бәрі қажетті.

Әрбір жер басып жүрген пенденің өз істейтін ісі болуы керек, сол ісі оның көрегі, өмірге керегі болып табылады. Бір ісімізді бітірсек, келес ісімізді бастайық, өмір тілегі тоқтамасын.

Мал өсірген, егін салған, бау бақша өсіргеннен артық адамға романтика бар ма?
Осыдан ән, музыка, лирика, ғылым, әдебиет, өнер дамымай ма? Сондықтан, барлық халықты еңбектің бақытты жібімен байлап, өнімді еңбек, рахат алатын , қуана істейтін психологияны жадымызға жайғастыру керек. Жаппай халықтық бақыт өнімді еңбекте. «Дән бар жерде ән бар» деп халық тегін айтқан жоқ.

Өмір сүрген қоғамына өкпелемес бұрын еңбек сіңіру борышыңды өте.

Ақылдасып, бірлесіп барып іске кіріс дейміз, бірақ оны елеп ескеріп, орындап жүрген тыңдаушы аз ақ!

Әр азаматтың табиғат берген бес парызы бар: еңбек ету, оқу, әке шешесін сыйлау, отбасын құру және бала тәрбиелеу. Осы бес парызды бұлжыипай орындау ғана нәтижелі әрекетке әкеледі. Осы бесеудің біреуі орындалмаса, өмірің кемшіліксіз болмайды, өкініште боласың, бір нәрсе олқы болып, мақсатына жете алмай жүресің.
Бесеуін де ойдағыдай орындасаң, өмірің қуанышты, күнің нұрлы бола береді.

Қандай дәреже, қандай даналық, қандай бақыт болса да, еңбектің нәтижесі деп білу керек.

Кемшіліктен шын құтылу ниетің болса, жердің әр шаршы метрімен ерінбей еңбек ет.

Жалғыз мал бақпа, дәнді дақылдар мен бақшалық жұмысты да дамыту керек, сонда өнімді іс істеліп, молшылық болады.

Талан таражға түскені жинағаннан, жаңадан сатып алған әлде қайда арзан болады.

Мамандығым бар деп отыра берме, ол тез табылмау ғажап емес, сондықтан қолыңнан келетін жұмыстың бәрін істе. Қай жұмысты істесең сол мамандығың .

Адам және еңбек егіз, бірінің бірінсіз күні нұрлы болмайды.

«Басқарма, басқармада бас бар ма?» деп халық босқа айтпайды. Мұнысы бастығының басы дұрыс жұмыс істеп, еңбектерінің жемісті болуын, бастықтың қоластындағыларға  жайлы, олардың жоғын жоқтап, керегін табуға көмектесетін адам бастық болса дейді, сондықтан «бастықтың басының» жұмыс істей алатынын қалайды.

Кәсіпкер болмай, несіпкер болмайсың.

Сұрағанды ешкім бере бермейді, сұрау үшін бірдеме өндіру керек не істеу керек.

Қанша тіршілік жасасаң, сонша арман тілек болады.

Әр адамның жұмыс орны оның жұмағы, одан кеткенің, жұмақтан кеткенің.

Қатарда жүргенде айтпаған шындығын, министр болғанда айтпайтының анық.

Нағыз саясаткер нақтылы жағдайға байланысты өзгеріп тұрады, оны істемесе, ол саясаткер бола алмайды.

Тіршіліктің жұмағы жұмыс, жұмыс және жұмыс, ол болмаса жарық дүниеден не пайда, не рахат?!

Өзің істеп жүрген жұмыс орныңды, өз жұмысыңды ешқашан да жамандама. Екі қолың қара майда, аяғың суық суда болса да, жұмысыңнан кетпе. Сонда еңбектің не екендігін, жұмыстың қандай күш екендігін білесің. Өз молшылығын мен өз бақытыңды өзің жасайсын, жаратқан жасамайды, ол тек тәубәңді есіне түсіруге керек.

Жұмыс істеген ауыр емес, жұмыс таба алмаған ауыр. Жұмысты іздемеген адам ауыру. Осындай жағдайларға ұшырамас үшін ерте ойланып, жастай өзіңді өзің анықтап, кім болу керек, не істеу керек екенін анық анықтап алу керек. Өз мақсатыңды өз тірлігің үшін анықтайсың. Ол үшін үш белгісізі бар дифференциалдық теңдеудің шешуін тап деп сені ешкім де дүрелемейді. Өз өміріңнің теңдеуін өзің құрып, өзің шешесің.

Тынығу үшін тындыру керек.

Жұмыстан нәтиже және ыждахат алу үшін оның солдаты болуың керек.

Еңбек ұжымы барда, қоғам барда, жұмыс беруші барда кәсіподақтың болуы заман талабы. Кәсіподақсыз демократия жолдан таятыны анық.

Шын ізденген адамға жұмыстың сан мың түрі бар, бірақ ерінеміз.

Жұмыс сені іздемейді, сен жұмысты іздейсің. Сондықтан, жетпіс жеті тау астындағы жұмысқа да жаяу барасың.

Жас кезіңнен арқаң кітаптан жауыр болсын.

Шаруашыл болуға арқалан.

Еңбектенбей жатып талап тілек қойма, нәтижеңді көріп барып өзгере баста.

Жоспарды жасаған соң, тексеру керек, әйтпесе өзіңді өзің ақымақ етесің.

Нәтижесіз іс болмайды, бірақ біз ретін таба алмай жүрміз.

Реті келмеген іс ұмытылмайды.

Іздегеннің бәрі табылмайды, бірақ іздеуге өзіңді міндетті етуін керек.

Нені тауып қансаң, жоғалтып тыныш табасың.

Қиынды жеңілдетіп, жеңілді көңілдетіп жұмыс істей білу керек.

«Еңбектеніп еңбектеніп» еңбек күнінен басқа түкте алмай еңіреп кеткен жандарды көп көрдім. Бір адам жалғыз өзі екі өгізбен тастан үлкен базды салып, төбесін жауып, «соқыр тиын» алмай кеткен адамды білемін, ол осы Сартау базы, ол кісінің аты Қарахан еді. Мен онда он бірлерде едім,  ол кісіге сонда таң қалып қарайтынмын. Ішімнен міне нағыз Еңбек Ері деп ойлаушы едім. Ол кісі «құлдық» өмір кешті десем, еш өтірігі жоқ. Ол кісінің бейнесі осы күнге дейін көз алдымда! Жұмысқа жалқаулансам, әлгі кісінің жалғыз арбаға үздіксіз тас тиеп жатқаны көз алдыма елестеп, алқаулығым кетіп қалушы еді.

Істің берекесі мен нәтижесін құртатын бірақ сөз: «ертең».

Кәрі бол, жас бол, белсенділік пен еңбекті, спорт пен өнерді тоқтата көрме, сонда өмірің жетіле де, жемісті де болады.

Мамандықты оқып аларсың, бірақ оны жетік біліп, қызметте жетілдіре білу керек.
Жаңа өскелең техника мен ғылым жаңалығының белсенді сараманшысы болуға талпыну қажет.

Өзіңді де, басқаны да сергелдеңге салмайтын еңбек етуің керек, сонда ғана ол істен нәтижелі қорытынды шығады.

Адам өліп бара жатса да, еңбектенуден қашқан емес.

Адам бір ғана мамандықты алып, сонымен қалып қоймайды. әр жастың әр түрлі кезеңде таланты дамып, дүниеге көзқарасы өзгеріп, өз мамандығынан басқа өзі үшін, халық үшін мәні зор еңбек жолына түсуі ғажап емес. Мен білетін мысалдарды айта кетейін. Олжас Сүлейменов геолог мамандығы бар азамат, бірақ ақын ретінде   өз таланты мен дарынын көрсете білді. Қаныш Сәтбаев инженер геолог ғалым, бірақ жазушылық дарының дамытпады. Дінмұхамед Қонаев геолог болмады, саясаткер, қоғам қайраткері болды. Нұрсұлтан Назарбаев металлург болмады, қоғам қайраткері, елбасы болды. Бұдан жастардың  ешқашан да бір мамандықпен шектеліп қалмай, өз талантын, дарындылығын әр салада байқап көруін қажеттілік дер едім.

Өз шаруаң өзіңнің еңбекшіл қолыңмен жасалады, жиенің келіп шаруаңды бітірмейді, бірақ әкетуге, ішіп жеуге дайын тұрады. Жиен жеймін дейді, немере өзімнен қалса берем дейді.

Саудагер болуың үшін, алдамшылыққа үйрен, онсыз саудаңнан ештеңе де шықпайды.

Нар тәуекел қай істің болмасын шешілуінің басы.

Еңбекшіл адамға айтарым: еңбектің мініп тұлпарын, көмбеге келші бірінші.
Жалқау басқаны орындамаса да, ұйқыны орындайды.

Өзің үшін еңбек етсең, өз бақытыңды ғана жасап қоймайсың, қауымның да онда үлесі бар.

Жаз келді деп қуанба, қыстың қамына кірісіп жүрсің.

Ақын, жазушы, мұғалім, дәрігер көбейсе дәрежеміздің, рухани дамуымыздың өскені де, ал кемісе қырсық кірді де.

Өткен күннен келер күннің берері көп деп жұмыс істе.

Келешекте ғарыштан жерден таппағаныңды табасың, сүйтіп ғарышқа жұмсаған шығыныңды екі-үш еседей артық қайтарып аласың.
Сабырлықпен, білімділікпен ғарышты меңгере беріңдер.

Әр істің уақыты бар, асыққанмен ештеңе бітіре алмайсың.

Ерте тұрсаң ұртың толады, кеш тұрсаң ішің солады.

Алал оңбегімен ғана өмір кызығын көресің, бірақ адал рнбектің нәтижесі бағаланбай кеткендер аз емес, сондыктоіт аз еңбегіңді өзің ел білетіндей дәре- жеге котеіэе білуге ертерек талпын.

Іскер адам болуың үшін, іске беріліп оның ңұлы болуың керек, әйтпесе айтарлыңтай нәтиже шың- пайды.

Басталған іске басшылық қажет, нәтижесі тиімді болу үшін.

Қолы шеберді іздеп жүріп табады.

Әр істе талпынып көрмеген адам, өмірбақи қорлықта, өкініште өтеді.

Кісіге сеніп жұмыс істеме, өзіңе-өзің сеніп істе, сонда бойыңа жігер мен қуат ұялана береді, өзіңді беріктілікке тәрбиелейсің.

Дене еңбегі бүкіл ағзаға жан рахатын береді. Еңбектене біліңдер.

Әр істің ұстасы бол, тіршілікте керегі мол.

Барлық ойыңнан қорқып жазбасаң, өзіңе өзің сенбесең, ештеңе де бітіре алмайсың.

Аспандағы айға қарап жылу күткенше, қара қазанымның астына от жағып жылынғаным үлкен бақыт. Өз отыңды өзің жақ, өз жылуыңды өзің сақта!    

Кеудеңде сөнбейтін шоқ жатуы қажет, сонда көңіліңе келгендерден түйін түйе аласың, ол жоқ болса, сөнген шам сияқтысың, біреу жақпаса, жарық жоқ. Өз шамыңды өзің жақ!

«Өзім дегенде өгіздей күшім бар» дейді  қазақ, қандай терең өмірден алынып айтылған философиялық пікір. Не іс істесең де, өзіңе сенім, өзім деп ойланып, өзім деп еңбектену керек. Өзіме өзім көмекші, өзіме өзім ақылшы болмасам, маған «көмек керек», «ақыл керек» деп отырсаң, құрығаның, бұл үлкен бақытсыздық, одан ерте безіңдер. Өзім өзім, тек өзім деген сезімдеріңді ерте оятыңдар, сонда алдағы мақсатыңды анықтап, өзіңнің кім екеніңді ерте білесің? Кімде кім өзін ерте таныса, сол талантты, сол бақытты.

Ағымдағы істер дұрыс, анық шешімдерді қажет етеді, себебі адамдар келген ісін бірден бітіруге тырысады, мұны күнделікті жұмыста өзіңнен
қатаң сұрайтын бол.

Жалқауды көріп, кел деп жүрме, көңілің қалады, себебі көргеннен нәтиже жоқ.

Адамға да, малға да өріс керек. Әркім өз өрісін жасауға, кеңейтуге ұмтылсын.

Ризықты жаратқан бермейді, жаныңцы қинап езің табасың.

Бағынышты адамыңның соңына түсіп қызмет іс. теме, себебі ол өзіңе де, басқаға да жазылмайтын дертке душар етеді.

Толқу, ойлану жеткіліксіз, ауыру да керек, ыстығың да көтерілуі керек, сонда істеген ісіңнен нәтиже шығып қалуы мүмкін.

Туған жер асырайды деп бір жерде тұрып алма, басқа жерден де несібеңді тауып аласың, егер шын еңбек іздеп, еңбек етсең.

Жұмысқа танауынан сүйреп кіргізгенді көргенім жоқ, қуып шыққанды көрдім.

Еңбексіз үміт айқындалмайды, мақсат жақындамайды.

Жазушы, ұстаз, ғалым, суретші, әртіс бір қолдан шығатын бес саусақ сияқты бірін бірі біріктіріп, бөлінбес күш құрайды. Бұлар қоғамның рухани өлмес мұрасын жасайды.

Қандай іс істесең де, ойың мен мінезің сай келуі қажет пе деймін. Сонда ісіңде нәтиже көріне бастайтын сияқты. Жақсы мінезсіз көңілің тоярлық іс қылуға болмайды.

Ңандай іс істесең де келешегі жоқ деп айтпа, себебі онда ісің кейін кетеді, өрлемейді.

Еңбектің жемісі дорбалап келмейді, шым-шым- дап келеді, төзімділік пен сабырлық қажет.

Егін салмай, масақ іздеме, жұмыс істемей пай- да көздеме.

«Рылдайсың — рылдайсың, бірақ қаба алмайсың» деген принңиппен жұмыс істеп жүргендер бар, оны тоқтатып, өз жұмысыңды істеуге үйрен.

Мың кателесіп, ақыры іздеген нысанаңа жетсең, ол  шын бақыт. Бұл еңбектенген әр адамның жететін мақсаты.

Қолдан келмейді деп отыра берме, мақсатың қолдан келместі келтіру емес пе?
Тіршіліктің тірлігі де, мақсаты да, жоқты табу емес пе? Бір адам іздемесін, бәріміз іздейік!

Комментариев нет:

Отправить комментарий