вторник, 3 апреля 2012 г.

Әйелдер туралы


Әйелдер мінезі табиғатында еркектерден бірнеше есе жарқын, сондықтан да еркек олардың қасында нұрға бөленгендей сезінеді.

Әйелдерге батылдық пен сезгіштік те, жек көрушілік те жүректерінде терең ұялаған.

Әйелге сұлулық бақыттан алыс емес, жақында емес, бірақ соған ұмтыла береді.

Әйел махаббатына бас имейтін, тізе бүкпейтін еркек жоқ.

Әйелге деген махаббатты еркек іздесің, жоқ болса, іздеп тапсын.

Әйелдер бүкіл әлемге үстемдік етпек, етіп те жүр, бірақ біз, еркектер оны жасырып айтпаймыз. Осыны өздерің ойлап көріңдер?

Бір бойжеткен айтыпты:                                                                                  Тұрмысқа шығуға дайынмын, бірақ жігітті әлі көргем жоқ!                            Екінші бойжеткен айтыпты:                                                                                   Әуелі тиетін жігітті таппайсың ба, содан соң дайындалсаң да уақыт бар ғой!, депті.

Әйел дыбыссыз, жер дымсыз болмас.

Үйіме өсек кірмесін, депті жігіт.                                                                         
Онда өз әйеліңді де кіргізбе, депті екінші жігіт.

Әйел берекеге, ер кеңеске, даукес егеске, бала ойынға жақын тұрады.

Ері жоқ әйел тартылған көл, ащы тұщы азабы көп.

Әйелдерден асқан сыншы көргем жоқ.

Әйел заты көрдім дегенге сенбейді, көкем дегенге сенеді.

Сұлу келіншектен қарап қалу еркекке тән қасиет емес, амалын тауып, алдында тұр.

Әйел жыныстыға шын жағу үшін өліп тірілудің қажеті жоқ, дипломатия керек.

Әйелдерде барлық жасырын сырдың жиынтығы жатыр, түсініп білуге ұмтылыңдар, сонда әйеліңнің кім екенің білесің.

Әйелдерді сүйіп те сыйлайсың, қорқытып та сыйлайсың, себебі онсыз күнің жарық болмайды.

Әйел барлық жақсылықтың да, жаманшылықтың да ордасы, есігін еппен ашу керек, кіруің оңай, шығуың қиын.

Әйел жүрегінен нені іздесең соны табасың, бірақ кім көрінгенге таптыра бермейді, тәсілі мен амалын табу керек.

Әйелдің шарықтауы елуге дейін, қалған шарықтауын өзі біледі.

Әйелдер әр кез бүзықтардан безеді, бірақ оның қақпанына түскенін сезбей қалады.

Әйел бір сүйсе, жанын беріп өмірін өткізеді, табиғаты ғажап жандар.

Әйелдердің түсінігі мен сезімін сыйлай біл, сонда онымен тіл табыса аласың.

Әйелдермен тіл табысқын келсе қателігін сезбеген бол, сонда жүрегінен
орын табасың.      

Сұлу әйел — от, өртейді де кетеді.

 Әйелді көп оқыту керек, себебі табиғатында әйел көп білуге бейімделген.

Еркектер әйелдерге қатысты пікірде әр кез қолайлы жағдайды пайдаланып қалатын, бос өткізбейтін ерекше жандар, сондықтан
да олар еркек атана ма деймін?
Көз қыры түспейтін қеліншек жоқ, бұл табиғи кұбылыс.

Қырсық еркек барлық кемшілікті әйелінің мойнына іліп қояды.

 Әйелдер әр кез нәзік сезім, жылы сөз тілеп тұрады.

 Жамандықтың бәрін әйелге тану қоғамдық та, рухани да әділетсіздік.

 Әйел көтермейтін: жүк, сөз, ой, қасірет, қуаныш, жұбаныш жоқ, әйелдер жаратқанның сүйіп жасаған жандары, табиғаты ерекше езге, оған пар келетін табиғатта күш жоқ.

Әйелдің тілі үшкір, ашындырып сөйлеспе.

Әйел шабыттың басы ғана емес, көзі де.

Әйелдердің қабағында жылдың төрт мезгілі бар, оны еркектерге
ұмытуға болмайды.

Сыпайылық әйелді сұлуландыра түседі.
Кейбір пәнделер әйелдерді тәлкек еткілері келеді. Ол дұрыс емес,
қайта оларға көп-көп ықылас, көңіл аудару керек. Әйелдерді
шаттандыра да, наздандыра да, еркінсіте де, сүйе  де білуге де
уақыт таба білу керек.

 Көңілің ауған әйелді көз жанарыңнан тастама, мүмкіндік болса,
судағы балықтай еркін жүзуге көмектес, қармақ салуға асықпа.

 Әйел азаматтарға күле қарап, жылы лебіз білдір, тілегін екі етпе,
сонда сенің білгіш жігіт екеніңді сезеді, тіл табысуға жол
ашылады.

 Әйелдің аңсағаны дөрекі мінезді адам емес, күшік мінезді екенін
де еске сақта.

 Еркек есік таппай жүрсе, әйел тесік табады.

 Әйелдер саған шын берілсе, уақытты да, кеңестікті де тоқтатып
қояды, сондықтан табиғатында ең сүйкімді, ең жексұрын, абзалы
да, азабы да бар жандар.

Бір әйелдің істеген жұмысына үш еркек көк жұлын болар еді-ау!

 Әйелдер желге кеуіп, күнге күйіп, суыққа қарылып еңбек етіп
жүр, олардың еңбегін жеңілдетудің жолын ойлап жүрген қоғам да, қоғам басшылары да жоқ. Әйелдер еңбегін жеңілдетуді қай қоғам болмасын, бірінші орынға қойып шешулері қажет-ақ.

Кәрі қыз долы болғанмен, сезімі солқылдақ, әр жігіттен үмітті болады.

Әйелдер жүз құбылмаса, демалдым демейді.

Әйелдің тілі — біз, кірсе өлгіре шығады.

Көктегі Шолпанды аңсама, өзің Шолпанның төсінде жатырсың.

 Көрші әйелдер бірін-бірі тесіктен де көреді, неткен қырағы
көздері!

Сырыңды үш адамға айтпа: жатқа, жауға, әйелге.

Әйел берілсе, тоқтау жоқ.

 «Көршісі мақтаған қыз, күйеуге тез кетеді» дейді, ол рас.

Жүзіне қарасаң періште, Мінезіне қарасаң — керіспе.

 Әйел жаманын ыдысынан, қала берсе желкесінің шұнқырынан
көресің.

Әйел секеңдесе, бір жерін жаралайды.

Әйелдер ерекше көнтерлі жандар, қазақтар тегін айтпаған терісі кең, жұқа деп, жұқа тері тез кебеді, ендеше олардың ерекшеліктері еркектерден артық.

 Әйелдер нәзік, бірақ тарамыс мықты, төзімді, шыдамды материалдар жиынтығынан жасалған.

 Әйелдердің ойлану қабілеті жоғары, жылдам, сезімтал, оны өздерің күнде көріп жүрсіңдер, сондықтан олармен пікір алысу пайдалы, ойға—ой, ақылға— ақыл қосады, дұрыс шешімге жол  көрсетеді. Оларды тыңдай да, сыйлай да, түсіне де біл, қатарың- нан кем қалмайсың.

 Әйелді «қойшы-осы» дегенді айтуды қою керек, ол білімсіздік.

 Адам денесінің сұйықтардан тұратынын білеміз, бірақ еркектер
мен әйелдердің ағзаларындағы сұйық мөлшері бірдей ме, кімде көп, кімде аз, келешек айтар. Менің ойымша бірдей емес! Бірінде артық, бірінде кем.

 Жаман ат жарға шығады, жаман қатын ардан жығады.

Әйелдің ұлылығы сонда, сұңқарды да, сұмырайды да жарық дүниеге әкеледі.  

Әйелсіз еркек саусақтары жоқ қол сияқты.

Жасырын ішкі сырсыз әйел әйел болып қалыптаспайды, әйелдердің тіс жармай кететін құпиялары ұшан теңіз.

Шәй ішетін кәрлен  кеседей сылдырлап тұратын ашық жарқын әйелдер бар. Ол отбасының жылуы, дастарханының көркі екендігі анық.

Әйел қызғаншақтығын қойса, махаббаттан айырылады. Қызғаншақтық олардың төл қасиеті.

Жақсы әйел тойған қозыдай, жаман әйел аш мысықтай.

Әйелдер ғана әлемді ұстап тұрады және сақтай алады. Келешек билеушілер әйелдер, қазірден үйреніп көне беріңдер.

Әйелдерде адамзатқа қатысты барлық жақсы қасиет бар. келешек әйелдер әлемі болмақ. әйелдер әлемнің темір қазығы.

Әйелдер шын беріліп сүйсе, жанын құрбан етеді, сондықтан әйелдерді ұлылардың қатарына жатқызамыз.

Барлық адамдағы даналық әйелдерден тараған, сондықтан әйелдерге сый құрмет көрсетіле бермек.

Бүкіл әлем әйелдерсіз бар сұлулығынан айырылып қалар еді, себебі әлемдегі сұлулықты тек әйелдер және әйелдер ғана жасай алады. әйелдер жойылса, сұлулық та, махаббат та, ыстық сезім де жоғалады.

Әйелге  жақсы іс істеп жоқпайсың, қолыңның артындағыны көрсетсең жағасың.

Әйел өмірдің көркі.

Әйел тіршіліктің басы. Әйелсіз ешбір қоғам қоғам  болп көрмеген.

Әйелдер үстемдік етуді армандайды да, құмартады да, және оған жетудің жолын үйренуде. әйелдер құмарлығын іс жүзіне асырмай, тыңбайтын жандар екенін біліп қойыңдар.

Саясаттың да, үстемдіктің де келешектегі иесі әйелдер. Еркектер, өкініп, сан соғатын уақытың алыс емес.

Ақылдылығы мен нәзіктілігін сақтамаған және дамытпаған әйел ана болып қалыптаспайды. Ондай әйел ерлер сыйластығына бөленуі неғайбыл.

Біз адамдарды күшіне ғана қарап сыйлвмаймыз, нәзіктілігі мен дәрменсіздігі үшін де сыйлаймыз. Ондай нәзік жандар әйелдер, тілін тауып сыйлай біл.

Әйелдердің ерлігі аз айтылып, аз жырланып келеді. себебі оларды еркектер тежеп ұстап келеді. әйелдер қоғамда өз орындарын еркектермен тең ала- тын уақыт жетті, бұл өмір ақиқаты.

Әйел мен ақшаны бағаламайтын пенде жоқ шығар! Әйелдерден төзімді, шыдамды жандар жоқ. 

Өмірді ұзартудың құпия сыры әйелдерде, түсіне алсаң, сұрап көр.

Сұлу әйел  жиыншыл болады, себебі сұлулығын көрсетуі керек.

Күйеусіз әйелдің реңі жүдеу болады, тек бояумен ғана білінбейді.

1 комментарий: