вторник, 3 апреля 2012 г.

Көркемдік пен сұлулық туралы


Іші сұлудың сырты — нұрлы, сырты сұлудың іші — улы.

Ала бұлттай беттерің, сұлуды мұндай көп көрдім!

Сұлулығынан ақылы жоғары жандар бар,кейде керісінше де
кездеседі.

Көркемділікке бәрі бейім, ең көркем табиғаттағы адам.

Көркемдік идеялықта емес, шындықта.

Әсемділіктің бәрі суда, суды таза ұста.

Барлық даналық та, сұлулық та ойдан туып, қолдан шығады.

Әдемі әдемі емес, әдепті әдемі, себебі оның адамды силау сезімі мол.

Көз адамның шын бақыты, табиғи сұлулығы, көздеріңді күте біліңдер.

Сұлулыққа бәрі ынтық, бәрі ғашық, ал бүлдуруге келгенде сол ыстық сезім жоғалып кетеді, бұл неліктен?

Адам ақылымен көрікті, ақыл барлық көріктілікке жол ашады, сондықтан да тәрбиесінің басы ақылдылыққа тәрбиелеу болатыны осыдан.

Сұлу әйелдің қылығын Алланың өзі ғана тоқтата алады. Сұлуға бөгет жоқ.

Жылы жылы сөйлеген әйелдің көзі нұрлы, әлпеті сүйкімді.

Па, шіпкін сұлулық! Саф Саф алтын сияқты, серттен тайдырып, жолдан адастырады.

Сұлулыққа тәңірім де қараған!

Бақ қонғанға сұлу емес те сұлу болып кетеді.

Сұлулық мансаптың табиғи түрі, бақыттың бір бұтағы.

Сұлу әйел әлемнің тұтқасын ұстап тұрғандай.

Әр жүздің бір аруы бар.

Кейбір пәндені көргенде: сырты сұлу-ақ, ойында не бар дейсің?

Сұлудың бәрі аққу емес, әр түрлі құс екенін де ескер.

Сұлуды бірден көресің, ақылдыны бірден көресің бе?

Комментариев нет:

Отправить комментарий