вторник, 3 апреля 2012 г.

Ақыл, білім, талант туралы


Білген түсінер, білмеген түксиер.

Ақымақпен құда болсаң, босағаңды алыс ұста, әйтпесе ұры атанасың.

Білімсіз өмір көріксіз.

Талант - анадан туғанда маңдайыңда жанып тұрған шырақ сияқты, табиғат сыйы.

Ақылсызға билік берсе, ақылдыны аздырар. дәулетсізге дәулет қонса, жайлауыңды тарылтар.

Ақыл сұрағанға ақыл айт, бірақ оның пікірін, біліп барып айт.

Ақылды айғайламай-ақ істен қортынды шыға- рады.

Данагер айтады, еңбекшіл орындайды, қызғын жалқаулар мен қулар көреді.

Дананы тірі кезінде күңдейміз, «иыс иыс» сөйлейміз, өлген соң барып «аһ,
даналықтың үлгісі еді» деп санымызды соғамыз.

Кей кезде талант өзі келеді, кей кезде өзің барасың, сондықтан қарап жатпай үмітіңді үздіксіз жалғастырып еңбектене бер. Ізденген келер мұратқа.

Дәрежеңмен үлкен болма, ақылыңмен үлкен бол, дэреже кетеді, ақыл қалады.

Ақылды жеңілмейді, жол береді.

Ақымақ та керек, себебі ақыл айту керек қой!

Кіжінерсің, қоқаңдарсың, күш те көрсетерсің, бірақ ештеңе шықпасына көз жеткен соң, ақылмен өз ісіңді тоқтатарсың.

Ақымаққа бауырым десең, ары кет дейді.

Бас ақыл, жүрек ақыл.

Біреудің ақылымен көл болғанша, өз ақылымен шөл бол дейтін жағдай жиі кездеседі.

Адам  әр кез өзің ақылды санай алады, егер ауызына ие болса!

Ақылды көп пе, кең, тарлығы жоқ пе екен?

Талант еліктеуді білмейді, өзі тудырады, сондықтан ол ел  мақтанышы.

Менен басқа адамдардың барлығы ақылды деп есептеп, ақыл іздейміз.

Ессіздікті шайтан ғана ұнатқан, одан қақық жүр.

Ақылдының ісінің алға баспағаны аянышты ақ, бірақ ол мойымайды, басқа адамнан ерекше.

Өмірге қарап үңілсең, ақылды сырт қалып отырады, осы бір даналықтың ерекшелігі ма деймін?

Ақылшылар көбейсе, адастым дей бер, сондықтан да өз ақылыңа жүгініс жасатқаның дұрыс.

Мен бұл өмірімде ақылсызбын деген пендені кездестірген емеспін, бәрі керемет кемеңгер, адам табиғаты деген осы.

Сатып алсаң ақылды, бәрі айтар мақұлды.

Ақымақтың құдай берген кетпес бөлігі — сөзі. Білім адамның рухани байлығы, басқаның бәрі де өткінші нөсер сияқты өтеді де кетеді.

Ақылдың періштесі тіл, ақыл жақсы болса да,тіл бұрып жіберуі  мүмкін, тілді тізгіндеп ұстау керек.

Дарындылық барлық адамда бар, бірақ ұсақ-түйекпен өмір өткізіп, мән бермей жүреді.

Кейбір жағдайларда дұрыс болса да, бұрыс бій са да шешім қажет, дұрыс болса ақылға салып сал' мақтап тоқтайсың, бұрыс болса ізденесің, ал шец% жоқ болса, күтумен дел-далда боласың, адам жүйкееіц құртатын осы.

Басқа тәж кигеннен бас ақылды болмайды.

Білім адамның ойлау қабілетін дамытпаса, ол деректер жиынтығы ғана болып қалады. Білімді адам ойлай да білуі керек.

Біреу ақылды, біреу ақымақ, біреу күшті, біреу күшсіз, біреу талантты, біреу талантсыз, біреу шыншыл, біреу күңшіл болып келеді, күрделі тіршіліктің бұл бөлінбейтін элементі ме, әлде мәні мен азабы ма, әлде ерекше құрылған заңы ма, әйтеуір ғасырдан ғасырға осылай келе жатыр, келе де бермек пе?

Ақылдылықтың жолы сабырлық пен кішіпейілділікте.

Жалаң талап түкке тұрмайды, жатпай-тұрмай оқу керек, сонда талант өз дәрежесіне көтеріледі.

Әмірші болып ақырғы сөз айтпа, ақылды болып айт, себебі әмірші болу борыш емес, ақылды болу борыш.

Ақылды үлкеннен ғана емес, кішіден де сұрау керек, себебі олар үздіксіз ізденіс пен қызығушылықта.

Ақылдыны ақылды тыңдаса, ақымақ өзі тәжі етеді.

Ақымақ сын айта келеді, ақылды сыр айта келеді.

Ақылды сарқа пайдалансаң, ажалдан да аман қаласың.

Ақыл арашада болса оқ тоқтайды, ашуға тұсау салады, мұны жүрегіңнің түбінде мәңгі сақта.

Ерттеулі тұрған таланттың тұлпары жоқ, екеуін де еңбекпен табасың.

Жұмыста ақылды көп, ақымақ аз деп өмір сүру керек, ізденісің де көбейеді.

Ақылды азға да қанағат жасайды, ақымақ болған үстіне бола берсін дейді, ақылды мен ақымақ арасындағы айырмашылық осында ма деймін?

Әр адам өз ойын, өз сезімін, өз түсінігін жаза алады, оған асқан таланттың қажеті жоқ, талант-талант деп адамды жасыта беруге тіпті де болмайды, сайып келгенде талантты адам өзі тудырады, өзі өсіріп, өзі жетілдіреді, өзі өлтіреді. Талант әр адамда бар!

Білімділіктің басы — оқу, соңы — жасау болуы керек, әйтпесе бос өткен өмір болады.

Құмарта біл — мақсатыңа жетесің.

Жылы жүрексіз таланттың мұзы ерімейді.

Ақылға бейім, еңбекке де бейім.

Ақыл тыңдаған адамды есұрыс болды дегенді естіген емеспін.

Тәкаппарлық ақыл аздығының көрінісі.

Ақылды келешектің адамы, ақымақ осы шақ болып қала береді.

 Ақыл бергенге асыңды бер, қала берсе малыңды бер.

Ақымақтың да сөзінің мыңнан бірінің шындығы бар.

Біз ақыл кемесіне қысылғанда, қиналғанда, тарыққанда ғана отырамыз.

Білімге берілген түңілмес болар.

Ақылдың аты да асыл, заты да асыл.

Білім алғың келсе, Әуелі өзіңнен-өзің сұра, қала берсе елден сұра.

Әр күн ақылыңды кемелдеуге өзің талпын.

Ақылды баста құйма құлақ, Ақылсыз баста ақпа құлақ!

Жастай ұяламаған ақылды, қанша қусаң да жете алмайсың.

Шын талант тасты жарып шыққан өсімдік сияқты, өсуіне тоқтау жоқ.

Білім алмай торықпа, қиындықтан қорықпа.

Атақты жазды деп оқыма, акылды жазды деп оқы.

Білмегенді біле тұра білуге асықпаймыз. Кейін қарап отыра береміз, ал басқаның бәріне білуге асығу - адамның қызық қасиеті.

Білім — жаста, ақыл — қартта, бостан-босқа қарап жатпа.

Пайғамбарлығың байқалса, біліміңнің молайғаны.

Әр істің сәті бар, ақылды сатып ал.

Тоқсан тоғыз өкініп барып, ақылға кіресің.

Ақылдылық есігінің құлпы мықты, кім көрінген ашып кіре бермейді.

Білім алуға келгенде, желден де жүйрік бол, сонда кемелдене түсесің.       

Ақыл-ойдың ғаламат күш-қуатын өлшейтін аппарат жоқ, болуы да мүмкін емес.

Білімді меңгере алмағаныңа өзің кінәлісің.

Шын білім алғың келсе, алған біліміңді жас балалай сылап-сипап жетілдіріп отыру керек, онсыз ол өлі білімге айналады.

Әр пәннің оқулығы білім алудың әліппесі ғана, білімді тиянақтау,
тереңдету өзіңе тәуелді.

Еліктеусіз, қызығусыз — білім білім болмайды

Ақыл, жүрек, сезім — үшеуі бірігіп кітап жазады, не болып шыққанын халық айтады.

Қанша жаңалық ашсақ, сонша қырсық әкелеміз, себебі салдарына мән бермей ашамыз.

Құс қанаты да біртіндеп өсіп қатаяды, адамның таланты да құс қанаты сияқты шарықтап дамуына уақыт қажет.

Білмегенді білуге, көрмегенді көруге ұмтылу үйренудің басты шарты.

Әр талант иесінің өз «құлагері» бар.

Еңбек пен білімнің қосындысы — талантты береді.

Өз талантыңды өзің өмірбақи іздегенде ғана табасың, іздемесең «х», «у» болып қала беретін айнымалы шама.

Таланттың теңдеуі: х+y+z=0 деп айнымалы шаманы табудың жолын іздеу.

Талант өзіңде ме, басыңда ма, саусағыңда ма, жүрегіңде ме, әйтеуір өзің табуың керек.

Дені түзудің барлығында талант бар, бірақ бірі терең ұйқыда, бірі ұйқылы-ояуда, бірі оянуда, ал талант ұйқыны ұнатпайтын адамның қасиеті.

Жазғандарым талантым асқандық емес, тек өзімнің табандылығым мен бір беттен қайтпайтындығымның арқасында жаздым.

Талантының да, дарындының да біріншісі, екіншісі болады.

Іздену мен үздіксіз талпыныста жүрген іздегенінің мыңнан бір бөлігін таппай қоймайды.

Білім алу биік таудың тік шыңына шығатын альпинисттердің әрекетіне ұқсас, бірақ білімнің мақсаты альпинистердің ісін қайталау емес, кайта мүмкіндігінше қауіпсіз, бейнетсіз, қорқынышсыз шыңға шығуды көздейді, сол үшін терлеп-тепшіп білім ізденесің.

Жазатыныңды, айтатыныңды басқаға ұнайтын етіп жазба, өзіңе, өз жүрегіңе ұнайтындай жаз, себебі бүкіл халыққа ұнайтын етіп жазу қиын, тіпті мүмкін емес.
Өзіңе ұнаған, басқаға жат болмақ емес. Өз даралығыңды әуелі өзің анықта, үміттен, басқаның үмітін біле алмайсың.

Білім — бар дүниені меңгеру, ғылым  тыңнан жаңалық ашу.

Сын зерделі, ақылдыға ғана айтылсын, ақымаққа айттың не, айтпадың не?!

Ақымақ істі бастайды, ақылды азап шегіп аяқтайды.

Сұлулық пен акылдылық, сұлулық пен зұлымдық жұптасып жүретін сезім, оны әркез аңғарған жөн.

Барлық даудың да, соғыстың да, сайып келгенде тірелетін дінгегі ақыл.

Ақылды сөз естімей жарымайсың.

Өмірде білген озбайды, білгенді қолданған озады. Сөз қорың он бес жиырма мың болса да, бес алты мың сөз біліп, оны қолдана білген сенен озып шығатынын сұрамай да көріп жүрміз. Білген сөз қорын қолдана білуді жастай үйрену керек.

Біз ақыл-кеңес беруге дайын-ақ тұрамыз, бірақ оны тыңдап, орындап жүрген пәнделер аз-ақ!

Алтынды қолды көрме, ақылды басты көр.

Шошаңдаған пендеде шоқымдай ақ ақыл бар.

Ақылмен шешілмеген дау, жұдырықпен шешілмейді.

Егер адам қулығын қойса, ақылға жол ашылар еді ау деген дұрыс емес, себебі онда қулықтың басқа түрі туады.

Қанша оқысаң, сонша ойлан, қанша көрсең, сонша тағы көр, өмір талабы солай.

Сзді ақылды да айтады, ақылсыз да айтады, бірақ екеуін де тыңда да керегіңді ал.

Ақылдының сөзін тыңдаған, таудан құлаған тастан аман қалады.

Ашудың жауы ақыл.

Ақылдық та жаттығуды қажет етеді.

Ақыл айта келген кісінің де бір қолқасы болады, сұрап білген дұрыс.

Наданға жақсылық жасасаң, жаңына батар сөз айтады.

Бәрін меңгере алмайсың, бірақ талпынғанға жетер жоқ, көңілің тоқ, көзің ашық болады.

Өзіңді тежеп, кейін, кейін дей берме, өкініш осыдан туады. Білмеген адам өкінішке кездесе береді, оқы, біл, талпын дейтініміз осы.

Жердегі шын даңқ аспанға да жетеді.

Дана болу үшін даналарыңды оқып үйрену жеткіліксіз, олардың ізімен де қобалжымай жүру керек.

Дана адамдар да папа, мама деген сөздермен қанатталыпты ау!

Дана адам аспанда қалыптап ұшқан қыран сияқты, жұрттың бәрі қарайды.

Даналарда да кемшілік бар десең, ақымақ есіреді.

Дана жазған томдар, халық қамын ойлар.

Дананың артықшылығы қиын қыстау кезеңдерде жол тауып, істің түйінін көрсетіп, шеше білуінде.

Шалагер болма, данагер бол.

Зерделі адаммен кездессең, бақыт жібінің бір ұшы қолында, екінші ұшын ұстауға еңбек сіңіру керек.

Әр жаңа жылда бір дана өмірге келеді.

Дуалыдан шыққан сөз жадыңда болсын, бір сәт керегі болып қалады.

Даналардың, іскерлердің көкірегінде мәңгі бақи сәуле шашатын заты бар сияқты, соны көріп, сезініп тәрбиелен.

Даналар бақытты да, бақыытсыздықты да жасаушы, бірақ, олар ең артынан ұғынады, бұл даналардың тарихи белгісі.

Даналар барлық зұлымдықты ойлап тапты, ал халықтар ол зұлымдықтармен күресуде, біреу тудырады, басқа жойдырады, біреу жасайды, басқа қиратады. Табиғат та сондай, адам да сондай, ғажап көрініс.      

Ақылды көбейсе дау қашады, акылсыз көбейп^ "^пг-тау болып басады, құтылудың жолын іздей бер.

А^ымақ көбейсе, ақылды азады.

Адамдарды бақытты еткен даналар, сондықтан да халық ардрқтайды.

Адам ақылымен көрікті, ақыл барлық көріктілікке жол ашады, сондықтан да тәрбиесінің басы ақылдылыққа тәрбиелеу болатыны осыдан.

Ақымаққа талап қойма, аузыңды бұзады.

Надандық әрқашан кемшілікті көруге бейімделген, ғажап түсінік,ойланып көр.

Ақылды басқа ақылды демеуші керек, әйтпесе жалаң ақыл жарытпайды.

Ақылдылардың ортасында бір ақымақ жүрген дұрыс-ақ сияқты.

Өзіңе-өзің бәрі де қиын деп сенім тудырма, жаси бересің.

Білімсіздіктің азабы: өзімен-өзі жау, туған-туысқанмен жау және дос-жарандармен жау.

Адал ниет, ақ көңіл, бұзылмайтын қамал бұл, бұзам деуші алаяқ,
аңдуда жүр, оны біл!

Есті бір алданып, қорытынды шығарады, ессіз үш алданғаи соң, қап деп санын соғады.

Ақылды ақылдыны пір етеді, ақымақ ақылдыны жын етеді.

Жоғарғы дәрежелі білімі бар, бірақ жоғарғы дәрежелі азаматтық ұжданы әлі тумаған пенделер бар ақ.

Арамзаның тындырары соттату, ақымақтың тындырары боқтату, ақылдының тындырары тоқтату.

Ақымақпен дастархандас болғанша, ақылдыға су тасушы бол, шөлің
қанып жүреді.

Ақылдың зейнетінен азабы көп, бірақ та ақылды болуға  талпына бересің,адалдықтың негізгі қасиеті осы.

Ақымақтың қолтықтап тауға шығарғанынан, ақылдының ит қосқаны артық.

Өзіңді ақылдымын да деме, ақымақпын да деме, бірақ о туралы ешкімге тіл жарма, сонда алыс пен жақынды, биік пен аласаны, жоғарғы мен төменді, бай мен кедейді, сорлы мен жетімді, арлы мен арсызды айыра алатын сәтке кездескенде, өзіңді кім еке- ніңді білесің.

Көп ақыл — аз ақылдың жиынтығы.

Білімі бар деп сыйлама, білгені бар деп сыйла.

Дана адамдар халықтың ортасында жүр, бірі көрінеді, бірі көрінбейді, сондықтан байқампаз болуға үйрен, басқа көрмегенді көр, көкірегің көркейе береді.

Адам өз бетімен ойлауын дамытпаса, заман тілегінен тыс қалады.

Ақылды болу үшін сезімтал болып туылу керек, жүре ақылы қалыптасады дегенге мен сенбеймін.

Білмегенді білуге құмарлық жетелейді.

 Ізденіп ізге түспесең, түңіле бересің.

Ақылдан ақыл аспаған, себебі ақылды дегеннен де ақылы асқан бары анық.

Сондықтан жер беті ақылдыға толы деп өмір сүру керек, сонда өзіңді де солардың қатарына қосасың.

Бәрің бірдей Абай болмайсың, бірақ ұқсап бақсаң, өз бақытына бір қадам жақындайсың.

Ақылдының тілін ақылды біледі, ақымақтың тілін ақымақ біледі, бұл неге олай?

Дарынды болмай, танатты бола алмайсың, екеуі егіз баладай қатар өскеніне жетері жоқ.

Шешендік дегеніміз түйіндеп түйіндеп, ойды нақтылы дерекпен көркемдеп, біреу көрмегенді көріп, ойламағанды ойлап сөйлеу дер едім.

Ақылдылықтың бірінші белгісі үндемеу. Екінші белгісі орайы келгенде дәлелді сөйлеп,мәселені нақты шешуді көрсете білу.

Адам табиғатындағы ақылсыздықты тек тәрбиенің күшімен ғана ақылға келтіруге болады. Сондықтан тәрбиеге әрқашан бірінші жетекшілікті беру керек.

Ақылды да алтын іздегендей іздеуміз керек.

Білімі төмендеген елде тәуіп көбейеді.

Ешбір пенде өзін мен ақымақпын деп санамайды, тіпті ол ойына да кіріп шықпады, қайта өзін керемет ақылғой санайды, ал шындығында біз бәріміз ақымақ пен ақылғойдың интервалында жатырмыз.

Дана туа болады, сол сияқты жексұрын да туа болатынына неге күмәнданамыз?
Ойланып тарихты оқысаңдар, көздерің жетеді.

Ойшылдың баласы да ойшыл, ортаның баласы да орта. Алтыннан алтын, жезден жез деген осы. Тіпті де жаманнан жақсы туады дегенге мен өз басым сенбеймін.

Ақылсыздық бақытсыздықтың басы.

Уақиғаны, жағдайды түсініп, анализ жасай білу зиялылықтың белгісі.

Платоннан сұрапты: «Ақылсыздықтың белгісі неде?», деп. Сонда Платон: «Өзіне ешқандай пайдасы жоқ сөзді айтады және біреудің мұратына кеселін тигізеді», депті.

Ақылға салып топшылаймыз, ойланамыз, болжаймыз, күдіктенеміз, сенеміз, ең соңында тәуекелге бел байлаймыз, осының бәрінің өлшемшісі ақыл, оны ұмытуға болмайды.

Білім қажеттілігі тіршілік қажеттілігмен барабар.

Өз қателігін түсініп, түзету де зиялы азаматтықтың дәлелі.

Білу аз, пайдалану да керек, тілеу аз, жасау да керек.

Мектептегі алған білімің, шұғылалы шыққан күнің.

Көп ізденген түңілмес, түбін бір көреді.

Білім жолында өзегің талса да, өмірің талмайды, шарықтап өсе бересің.

Білімділік оқығандықта емес, зейін қойып тоқығандықта. Оқыдым, сөзден ойды тоқыдым, тарқатып көр, сен де үйренесің.

Білім адамның бір мүшесі сияқты, жоқ болса өкінішті ақ!

Қаламсапты ұстай білмесең, ракетаны меңгере алмайсың.

Талпынып тайға отырған, ракетаға да отырады, жас талпына берсе, бақыт
жолы ашыла береді.

Бір көргенді мың көру, бір жазғанды мың рет қайта жазу талапкердің міндетті жүретін жолы тәрізді, мұның растығын зиялының бәрі айтады.

Талпынған талапкер білімге, өнерге әр кез ділгер болады.

Талантты талант қана жетектей алады, басқаның жетегіне жүрмейді, таланттың мінезі расында қиындау болады.

Білімде де, өнерде де жаңалық ашу үшін, үңіліп, көнені көре біл.

Таланттың бәрін бір жіпке тізуге болмайды, ол моншақ емес, әр таланттың өз жібі бар, біреуі жуан, біреуі жіңішке, біреуі жібек, біреуі қыл.

Шын талант иесі де ұстаз алдынан өткен, бірақ одан ұстазы талантты  деген қорытынды тумайды.

Білім мен тәрбие, тамыр мен жапырақ тәрізді, бірінің бірінсіз күні мәз емес.

Көп отырып оқыған, инені көзге шұқыған.

Оқудың мәні түсінуде.

Оқу керектігің білеміз, бірақ неге екенін білмеймін, кейінге қалтыра береміз, мүмкін дамымай келе жатқанымызда осында ма деймін?

Ақымақ өзі ғана ақымақ болғысы келмейді, басқаны да ақымақтар қатарына қосуды көксейді, сүйтіп ақымақтар қатары өсе береді.

Ақылдың үні де, сөзі де ғасыр өткен соң естіледі, себебі басқа ақылдылар жол бермейді.

Бір ақымақ айғай салса, бүкіл аудан құлағын түріп ұстайды. Екі ақымақ айғайласа облыс, үш ақымақ қосылып айғайласа республика аяғынан тік тұрады.

Әр істен хабарың болсын, бірақ бәрінің шегіне жетем деме, ол адамзат тарихында болып көрген емес.

Біз, әлбетте, ақылдыны көрсек те көрмейміз, бірақ ол бізге тәуелсіз күн сәулесіндей қараңғыны жарықтандырып жандыра береді.

Түсінбеске сөз айтқанша, газет оқып, ұйықтап ал.

Даналыққа жетуде даңғыл жоқ, дайын орын жоқ. Тер төгіп, жүйкеңді құртып, еңбектен еңбектеп, қажымас қайсарлық көрсетіп барып жетесің.

Шын ақылдыға ертерек кезік, келешегіңді көруге талпынасың.

Дананың жүрегінде мың адамдық орын бар.

Елемеген есті есікте отырып ақ алға шығады.

Ұйқыға сергек, ойға зергек бол.

Қарбызды таңдай білген, қауыннан қателеспейді.

Туа болмаған төрелік, өсе келе бойыңа қонбайды, босқа әуре болма.

Атақ аброй алу үшін жазба, арьқы толқынға тәлім тәрбие беру үшін жаз, сонда ғана өмір сабақтастығы сезіледі, өткеннің өсиетінің мәнін түсініп, өзіңе бағыт бағдар белгілейсің.

Наданнан асқан бақытсыз жоқ, оның бойында дүниенің бар кеселі бар.

Үш дарынды дегеннің екеуі дарынсыз, оған дауласпа, тарихтың даму заңы сол. Бір дарынды екі дарынсызды сүйрейді.

Адам ойдан да, күштен де, сөзден де азап шегеді, сондықтан әр жағдайды ақылмен ақылдасып арып қорытынды шығару жөн.

Тағылымды сөйлеу білімділіктің белгісі, үлгі өнеге алуға лайықты.

Ақылдыға да таяқтың бір басын көрсетіп қойған жөн, сонда ол әр істі ақылымен өлшемдес істейді.

Ақымақ болған соң, ақылды шығып жүр.

Тағдыр адамды аздырады да, тоздырады да, одан ақылды боламын деме. Ақыл ана сүтімен, ата күшімен пайда болады.

Даналық әділдік емес, дана деп басыңды ие берме.

Табиғатында текті болмаған, таққа отырса да текті бола алмайды.

Әр кез біреудің шешімін тыңда, бірақ өз шешіміңді өзің таба білуің қажет. Сонда өзіңнің кім екеніңді анықтай түсесің. Кісі ақылы көтерер, өз ақылың жетелер.

Ақымаққа уақыт келді кетті, ақылдыға уақыт пайда іздетті.

Есті болуың үшін: ойлан, ойлан және ойлан. Ақыл табамын деп оқымайсың, оны дамытамын деп оқисың, себебі ақылың болмаса, оқып не керегі бар?

Тағдырға ақылды бас иеді.

Толқып шалқып отырған көңілге тоқтау қылма, өзінің шегіне бармай қоймайды.

Көп надан жоқ, бәрінің көзі ашық, қуана бер, надандық бізден қашық.

Басы бардың миы бары рас, бірақ көңілі соқыр болуы ғажап емес, сондықтан ойлану, түйсіну, сезіну бірге жүргені дұрыс.

Білімге жақындаған сайын ой өрісің кеңіп, өзіңді шексіздік әлеміне кіргендей сезінесің.

Даналық адамға ғана тән қасиет. Дана барлық адамзаттың бақыты. Даналар өмірді өзгертіп, ғасырды жаңартады.

Ақыл мен ар даналықтың олы. Еңбек пен пайда байлықтың жолы. Нәсілді болмай, ақылды тіпті болмайсың.

Есімін, тегін сұраған тектіліктің белгісі. «Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл» деп тектен текке айтылмаған мағыналы сөз.

Бақыт кімнен қашады? Жалқау менен наданнан.

Жалаң ақылмен ұлы болмайсың, ақылды бақытқа айналдырсаң ғана ұлы боласың.

Төбесі көрінбейтін талант жоқ, ол әр адамда бар, бірақ дер кезінде көріп, біліп, дамытып, қамқорлыққа алмай елеусіз жүре береміз, сүйтіп ең соңында өкінеміз.

Талант кешеуілдетуді ұнатпайды, қашып кетіп қалады, оны дер кезінде сезіп ұстай білу керек.

Білімпаз болмай, ілімпаз болу мүмкін емес.

Білім таланттың кірпіші.

Данагердің екі ақылы (ел аузынан): уақыттың пұлын біл және өзіңе тиіссізді сұрама.

Дарын деген құбылыс бәрімізді иығымыздан қағып өтеді, сезген сезіп қалады,
керегін алады, сезбеген аузын ашып, мақұрым қалады. Сондықтан жастай сезімпаз,
байқампаз, арманпаз, сәл мәл тәуекелшіл болу керек па деймін. 

Өзіңді біліп тану да — даналықтың ең үлкені.

Сабырлық — даналықтың туысы.
Даналарды шектейтін ар-ұят, әйтпесе дүниені құртар еді.

Ақылсыздың тілі — ашты, жаны — тотті.

Өз білгенін елге үйретпеген, айтпаған адамнан көріп көзің, естіп құлағың ыждахат алмайды.

Өмірде адал ақылын айтып, жол көрсеткен адамыңды ұмытпа, ол сенің тірі періштең, пірің! Бірақ домалақ бастылардың оны ұмытып кететіні көп-ақ!

Данагер бәрін білемін демейді, білгенімді беруге дайындалып жүрмін дейді.

Бар ақыл-ойыңды тиімді пайдаланам десең, оны кек қайтаруға бағыттама, келісімге бағытта, сонда өмірің ұзарып, гүлдене түсесің.

Ақылды ақыл магниттің аттас полюстеріндей тепкілейді, сондықтан адамдар тіл табысуға тез көне қоймайды, бұл адамдардың ғажап қасиеттері.

Адам жүрегі ақыл-ойдың әмірін күтумен өтеді.

 Іші тарлар тарыдай кемшілігіңді көріп, тау жасайды, даналар болса, кемшілігіңді көрсе де көрмейді.

Жастай ақыл-кеңеске, оқу мен ізденуге зәру жастан зиялы азамат шығады.

Өз құпиясын жария етпеген адам – ең ақылды жан.

Төрешің де, ақылшың да сайып келгенде өзің екеніңді үмытпа.

Даналардан асып түсемін деп оқы, сонда мақсатына жете аласың.

Өз даналығың дұшпаның үшін қуаныш.

Басыңа бақ қонса: ақмақты — ақылды деседі, жаманды—жақсы деседі, қараны — ақ деседі. Бұл қалай десең? Аузыңды жап деседі.


Қулықтың екі түрі бар ма деймін. Бірі ақылға қонымды, екіншісі ақылға қонымсыз. Адам өмірінде екеуін де кездестіріп жүреді, бірақ сараманда біріншіні қолданған дұрыс сияқты, таразысы акыл екен, ал екіншіні жадыдан шығарған дұрыс, себебі алдау-ар- бауға итермелейтін көрінеді.

Ақылды мақүлдамасаң да, орындамасаң да тыңдаушы бол, бір керегіңе жарайды.

Кітаптан алған білімің жетіспейді, оны толықтыру үшін жолдасыңнан, досыңнан, ұжымның мүшелерінен сұрап біліп жүр, көңіліңе тоқи білуге үйрен, басқаны үйретуге талпын.

Комментариев нет:

Отправить комментарий