вторник, 3 апреля 2012 г.

Ел, халық, қазақтар туралы


Біз өз бойымыздағы кемшілігімізді жасырған үстіне жасыра береміз, сол сияқты адам ауруын да жасырады. Бұл кемшілікті жоюға мән бермейміз, басқа оны білмейді, сезбейді деп нақтылы ойламаймыз. Сүйтіп жүріп басқа халықтардың қатарынан қалып қоямыз.Біз, қазақ, негізгі табиғатымыз момын, сен тимесең мен тимейтін халықпыз, бірақ бір қозғалып кетсек, «тоғызыншы баллдаймыз» жықпай тоқтамайтын халық. Келер ұрпаққа айтарым өз кемшілігіңді өзің түземей, өзің жоймай, бақытты бола алмайсың.Кемшілікті жоюға ерте кірісіп, ымыраға келмей, өзіңді өзің қайран мақсатқа жету керек, сонда ісің дамып, қызығын көресің.

Киелілер Мысырда ғана тумаган, Түркістанда да туған, сондықтан жерімізді ардақтай білейік.

Ұлт мақтанышымыз жүрекке терең ұяламай, өркениетті ел бола алмаймыз.

Адам өз елін ән-жырға бөлеп өтеді.

Халыққа соқыр тұман кездеспесін, ол ойыңды да, бағытыңды да шатастырады.

Қазақ азаматтары арасында мыңдаған іскерлер, ой-өрісі кемелденген зиялылар, 
қажырлы, еңбекшіл ұлдары мен қыздары өсіп келе жатқаны қуанышты, осындай
адамдар көбейе берсе, күннен-күнге қоғам көркейіп өсе берер еді.

Өз еліңде ер болмасаң, жат жерде кім болам дейсің?!

Ел бірлігін, жұрт татулығын, қоғам берекесінің күші де, тірегі де халықта.

Ұлы Жеңіс ұлы адамдарды әкеледі. Олар біздің тарихымызда: Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Әйтеке би, Төле би, Қазбек би, Абылай хан. Бұл ата бабаларымыз ұрпақтың мақтанышы да, келешегі де, себебі тарихсыз келешек жоқ.

Орыс халқының ұлылығы оның әділдігінде.

Халықта дәстүр көп, көз жұмып бәрін ала беруге өз ойым қарсы, сондықтан дәстүрдің бойға сіңген ең жақсысын дамытайық, ол халқымыздың дамуына көмектесетін болсын.

Үгіт халықтан қамал жасайды.

Барша жұрт қанағаттанарлық өмір сүруі үшін, көп дүние керек емес сияқты, бірақ көңіл бөліп, қамқорлыққа алып сыйлаубілу қажет.

Топты бүлдірген, көпті ала кетеді.

Әке тұрған жер асырамайды, халық тұрған жер асырайды.

Бұрын жолға шыққанда , бабамыз ат таңдаушы еді, енді кісі таңдайтын болдық.

Көпшіл көл үстіне қонады.

Халық қамын ойлағаның өз қамынды ойлағаның.

Барлық халыққа жақпайсың, әуелі екеуге жақ,үшіншісі өзі келеді, үшінші болған жерде халық бар.

Ер жігіттің ісі әттегенмен толы, сондықтан халық сыйлайды.

Әр түрлі ұлттардың ойлары, армандары, махаббаттары, қуаныштары мен
мұңдары үндесіп жатады.

Қорғанарың болмаса, қоңыс аударма.

Қазақ ұлдары мен қыздары қазақ деген ата баба есіміне сай болуы керек, сонда ұлттық сана сезім күшейе түседі.

Азап ұлы болма, ахат ұлы бол, сонда елің тани түседі.

Ұлт дәстүрі жақсы, бірақ адамды адамнан бөліп тұратын қазықтығы бар сияқты.

Нені жүрегің қаласа, соны халықтан табасың.

Төңкерісті халық жасайды, бірақ астында қалатынын ойламайды.  

Қазақ барлық жерде қазақ болып қалуы керек, тарих беттері осыған дәлел.

Қазақ, өзіңді төмендетпе, басыңды салбыратпа, тарихты оқы, қазақ жерінде Әлем ұлылары дүниеге келген, сен оларды мақтан тұта аласың! Әр қазақ мына ұлылардың есімін жатқа айтып, олардың кім екенің паш ете білуі парыз. Мектепте ұстаздар осыған ерекше мән беріп, қазақ жастарының рухын көтеру керек!

Түркісиан болашақта адалдық пен рухани тазалықтың ордасы болатынына сенемін, барлық қазақ оған тағзым еіп баратын болады

Қазақтар мұсылман болу үшін бес шартты орындау керек  дейді. Олар: иман білу, намаз оқу, ораза тұту, зекет беру және қажылыққа бару. Ал осы бесеудің бір екісін орындай алмаса, ол мұсылман болмай ма? Мәселен «қажылыққа» баруға әпкімнің қалтасы көтере бермейді. Немесе, зекет бере алмауы мүмкін. Меніңше, бес шартты орындамасаң, мұсылман емессің деген ұғымды дұрыс пікір демеймін. Адал, әділетті, таза, еңбекқор, қиянатсыз, аузынан Алланы тастамайтын, иманды  адамдарды мұсылман санаймын.

Қазақ табиғатынан демократ, жомарт, шыншыл, сыншыл, әзілшіл, шат көңілді халық.

Ұлт болып қалыптасқан соң оны ардақтай алатын ыстық жүрегіңде болуы шарт, ол болмаса ұлттық мақтанышқа бөлене алмайсың.

Ұлылар ұлты үшін еңбегін де, ойын да, жанын да, махаббатын да құрбан еткен.

Ұлтына адал қызмет ететін азаматтар өмірін сақтай білулері керек.

Ұлттың қожасы да, құлы да ұлтқа адал қызмет көрсеткен адам. Ол ұлттың мақтанышы, батыры, көсемі, сүйіктісі.

Қазақтар төңіректің төрт бұрышына қарап өмір сүрген бейбітшіл, еркін, еңбекшіл. Төңіректің төрт бұрышында болған соғыстарға қатысқан ер халық.

Қазақта бір жаман мінез бар: біле тұра лям деп аузын ашпауға бейім. Бірақ бұл мінезімен қазақ талай пәле жаладан құтылып келеді. Осы жағынан келгенде қазақ түсінуге өте қиын халық.

Өз  қазағыңды өзің сезініп түсінуің үшін қазақша ойлап, қазақша сөйлеу керек, ол болмаса, бір тасты екінші орынға мақсатсыз ауыстырып қоя беретін маймыл сияқты боласың.

Ел азаматы болу шын мақтанға тұрарлық аброй, бірақ оған дақ түсірмеуге бейімделу шарт. Оны жүрегіңнің бір бұрышында мәңгі сақтауға тырыс.

Мейлі илаң, мейлі илаңба, қазақ орыссыз жүре алмайды. Біздің жеріміз де, аязымыз да, қанымыз да ұқсас!

Дүниені бүлдіріп, сорақылықтың кереметін көрсетіп жүргендер ұлылар мен ең төменгі момындар емес, осы екеуінің ортасында осылар арқылы өмір сүріп жүргендер. Бұл пікірімнің растығына шүбә келтіруге болмайды, сәл сабырлықпен ойлансаңыз, көзіңіз жетеді.

Жаңа өміріміз, басқан қадамымыз құтты бола берсін!

Басшы болған соң, тіліннен тек балдың нәрі ғана сезілетін болсын, себебі  басшы халықтың басы, бас ақылды болуы қажет, сонда халық жақсы өмір кешеді.

Қазақтар «мың рет естігеннен бір көрген артық» дейді. Бұл тәжірибеден туған өмір аксиомасы. Оның салдары еңбек етіп, өз пайдаңа жұмыс істе, шеберлігіңді арттыр, істің өнімділігін жетілдір, сапасын жақсарт, көргеніңді көрікті ет дегені.

Ел аузынан естігенім: «Келісі бар, келсабы жоқ». Күшті әсерлеу мен салыстыру жымдасып жатыр.

Қазақстан қазақсыз да дамып өркендеуі дау емес, бірақ менің Қазақстансыз күнім түн болған болар еді.

Өз еліңе өкпелеп, көтеріле, басқа елге көшіп кетпе, одан елің жойылып не жоғалып кетпейді. Үш ғасыр өтсе де, көшіп кеткендердің ұрпағы сол еліне қайта келеді, себебі, ата баба сөзін орындау мойындағы міндет. Өз отанына оралу үлкен бақыт, оларға барлық жағдай жасалып, қошемет көрсетіп қабыл алу керек.

Мен қайда жүрсем де: атқан таң, соққан жел, үскірік аяз, жауған жаңбыр бәрі Қазақстандікі сияқты болып сезіледі.

«Көршінің сұрағаның бер, жоқ деме», деп анамыз жиі айтып отырушы еді. Оны бізге несіне айтады деп ойлаушы едім. Қазір ойласам, керемет көрегендікпен айтқан екен. Бес жерге көшіп қонып жүріп, көрші деген кімдер екенің білдім. Бір көшкеннің бес жыл азабы болады дегені рас екен. Әр жерге азаппен көштім. Жаңа көшіп келген көрші әр түрлі тұрмыс жағдайына байланысты жабдықтарды көп сұрайды. Сондықтан, мүмкіндік болса, көршілердің сұрағандарын беріп тұратын едік. «Жақсы көрші жарым ырыс» деген рас. Жоғыңды сұрап аласың. Көршіге жылдың қай мезгілінде болса да, сәлемін дұрыс болсын, ол бір жағынан құдай хақы, екінші жағынан көршілік хақы. Р. Ғамзатов айтқандай: «Барлық әлеммен сыйласа алмайсың, көршіңмен сыйласуды ұмытпа!» , деген мазмұнда айтқаны рас сияқты.

Қазақстанның тәуелсіздігі бүкіл Еуразияның саясатын өзгертуге мәжбүр етті, мәжбүр ете де береді, себебі біз екі алып материкті қосатын Жердегі «Құс жолы» сияқтымыз.

1986 жылдан тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихының беті басталды десем қателеспес едім. 1986 жылдың Желтоқсаны Қазақстан үшін ХХ ғасыр аяғындағы басты уақиға, оны ұрпақ мақтана, шаттана айта алады, жырлай алады.

Біз ғаламат ұлылықтың да, анайы тұрпайылықтың да үлгісін орыстардан алуымыз керек, себебі, ол бізбен қандас та, жерлес те, бірімізден біріміз тым жақындап та, өте алыстап та кете алмаймыз, Ай мен Жер сияқтымыз.

Келешекте Еуропалықтар мен Азиялықтардың алтын дінгегі Қазақстан болады. Бұған сен, сенбе, әркімнің еркі өзінде, бірақ мен толық сеніммен айтып отырмын.

Бізде байлық та бар, маман кадрлар да бар, дарынды адамдар да  да бар, еңбекшіл ерінбейтін халқымыз да бар. Ендеше келешектің тостағаны әр кез толы ас болатынына сенемін, біздің ұрпақтар да сенеді.

Елге қызмет етудің үлгісін Б.Момышұлынан үйреніңдер. Ол атамызда ұлылық та, адалдық та жүрегіне терең ұялаған адам.

Интернационализм ұлтты ұлтқа айдап салып жою емес, қайта ұлт бірлігін, мақсат бірлігін, өзара түсінісу мен қарым қатынасты қалыптастыру, өзара көмек, ынтымақтастықты дамыту деп түсіну керек. Интернационализм бір тілде сөйлеу емес, қайта ұлт ұлтқа көмектесіп, тілін, дінін, ділін дамыту деп түсіну керек. Интернационализм өркениеттілік көзқарасты ұлттар арасында дамытуды көздейтін жалпы халықтық ағым. Ооның негізгі идеясы: адамды, ұлтты сыйлау, құрметтеу, татулық пен түсіністікке шақыру. Біз осындай интернационализмді жақтаймыз.

Қазақ жастары күллі әлемнің асыл мұраларын ббойларына сіңіре білуге ерте дағдылануы керек. Әр ұлттың ерекше ақталған өршіл қасиеттерін, жақсы дәстүрлерін, ашқан жаңалықтарын асқан дарындылықпен қабылдай алуымыз парыз, оған әр қазақ жастарының табиғи қалыптасқан қанына сіңген таланты дар, алғыр халық. Қазақ халқы көп жақты кеңістікте өмір сүруі керек.

Қазақ халқы мақтана айта алады: ол екі жазықтықта, екі кеңістікте өмір сүреді, яғни, Еуропа Азия жазықтығы, Еуропа Азия кеңістігі.

 «Қызыл Октябрь» колхозының әр бастауының, бұлағының суы ғаламат мөлдір, таза, тұщы болатын. Жерінде қараған жуа, тау жуа, сай сайда көп жидектер өсетін, үй тасы бар әсем жер. Оны кәрілер «Сар тау» деп атайтын еді.

Егер адам адамды жан жақты қамқорлыққа шын алатын болса, біз қазақтар одан қалыспас едік.

Халық істеді деп істеме, онда өкініші көп жағдайға кез боласың. Азаматтың өз жолы, өз ойы болуы керек.

Шежіресі бар болса, ол қазақ, жоқ болса, қазақ  емес. Руы жоғалса, қазақ та жоғалады. Қазақ сол әртүрлі руларымен қазақ. Руын білмегенде намыс та жоқ, қанда жоқ бір өлеске. Қазақ шежіресімен, руымен қазақ, бұл екеуінің бірі жойылса, ол қазақ бола алмайды.

Қазақ сойылмен соғады, ол жоқ болса, сөзбен соғады.

Қазақтың күлетіні де, күңдейтіні де өзі.

Орыстар күштісін сыйламайды, қазақтар естісін сыйламайды.

Қазақ даласы Азияға кіретін табиғи қақпа.

Қазақ адаспаған дәуір жоқ, себебі сенімпаз халықпыз. 

Қазақ рушылдығымен ұлтын, тілін, салтын, дәстүрін сақтап қана қалған жоқ, оны заман өзгерісіне сай дамыта да, байыта да білген жетік халық.

Қазақ табиғатында тағы емес, дала тағысы емес, дала кербезі, дала сұңқары, дала қыраны болған халық. Бүкіл кең даланы лирикалық әнге шомылдырып, көшіп қонып,  жер сұлуын, су тұщысын таңдап өскен, еркіндік табиғатына біткен халық.

Надан, ұлт танымаған, тарих оқымаған адамдар ғана бізді «дала тағылары» дейді. Бірақ, сол «дала тағыларының» билігінің астында болғанын тарихын оқыса да түсінбей келеді.

«Қазақ сойылмен қозғалса, «қара қытай» көшіпті» деген сөз бар. Бұл, бабаларымыздың дана ғана емес, жау жүрек жауынгер де болғанының дәлелі.

Қазақтың ұлы түзі ұлы үн, ән мен күйге шомып тұр.

Қазақтар түзде туған, ол оның алтын бесігі, оны тастап кету мүмкін емес.

Қазақстан Еуропа мен Азияны байланыстыратын табиғи кеңістік, оны ешкім де тарылта алмайды.

Қазақ қанша төзімді болса, сонша кеңпейіл, жомарт, сондықтан да ол барлық ұлтпен тіл табыса алатын халық.

Қазақ өзіне өзі жау да, өзіне өзі дос та халық, себебі оның өмір тіршілігі соған бейімделген. Өзіне өзі жау дегенім, өзі айтқаны болмаса, көнбейді. Өзіне  өзі дос дейтінім, басқаға өзіндей сенетіндігінде.

Қазақтардың мұсылмандықты мойындауы тағылықтан зиялылыққа басқан алғашқы қадамы еді.

Ру руға бөлініп, өмір сүру қазақтар үшін ең тиімді қоғамдық бірлестік болды, ол осы бірлестік арқылы  тәртіпті, дәстүрді дамытып, басқа рулармен дәмдес тұздас болып, жерді бөлісуді ру басшылары шешті.

Тәуелсіз мемлекет өзін өзі билеп, өз халқының тағдырына жауап беретін саяси құрылым деп білемін. Қазақстан сондай тәуелсіз мемлекет болды, бұл тарихи мәні зор уақиға.

Қазақтарға айтарым: еврейлерді, армяндарды, цығандарды сыйлаңдар, себебі олар дүние жүзіне көп тараған ұлы халық болып кетті. Олардан пайдалы деген қасиеттерін бойларыңа сіңіре біліңдер. Келешектің асулары биік, шатқалы терең!

Екі мыңыншы жылдың он алтыншы қазанында Семей қаласында Ертіс өзені арқылы өтетін аспалы көпір ашылды. Бұл дүние жүзіндегі төртінші көпір десіп, ел шулап жүр. Осы аспалы көпірмен Семей қайта жаңарып туғандай болып, еңсесі көтеріліп қалды. Семей қасиетті, Семей ХХ ғасыр ұлыларының жері десем еш қателігі жоқ. Жаңа Семейге өзінің бұрынғы аты «Алашты» берсек, нұр үстіне нұр төгілер еді.

Келесі ұрпақ керемет ұрпақ! Ол батыр, батыл, ақылды, шыншыл болып қалыптасқан ерекше күрделі ұрпақ! Оған сенім артқан дұрыс, себебі олар біздер сияқты «момақан» емес, қайтпас, қайсар, қиындыққа мойын имейтін ұрпақ.

Халық байлығы халықтың өзіне қызмет етуі керек.

Халық даналығын біліп, түсініп меңгермесең, халықты түсіне алмайсың.

Ауылың таныса, аймақ өзі шақырады.

Ағаш болма, орман бол, жалғыз болма, елмен бол.

Қазақта шежіре бар, ол басқа халықта да бар. Бірақ тарих түрінде жазылған, біздің шежіре ататекті ажыратуға негізделген. Бұл өзіміздің қайдан шыққанымызды көрсетеді, бірақ 2000-ға тарта атаға бөліген, бәрін біліп, ойға сақтау қиындау ма деймін? Жеті атасын әркім білсін, ол борыш дейік, ал ұлтымыз қазақ екенін баса айтып ардақтап, мадақтап, атаға бөліспей бір бүтін қазақпын деген дұрыс сияқты, сонда біздің бауырмалдығымыз, бірімізді-біріміз силауымыз, бірлігіміз арта түсе ме деймін. Өз басым атаға жіктеуді, руға бөлуді дұрыс демеймін. Руың да қазақ, ұлтың да қазақ болып қала бер.

Жапондықтардың іскерлігін, адамгершілігін, тапқырлығын, өнертапқыштығын үлгі етуге болады. Керемет ғажайып халық. Жиырма бірінші ғасырдың адамы осылар ма деймін?

Ұлттық қасиетті, дәстүрді сақтауды және дамытуды біз монғолдардан үйренуіміз керек, бұл тарихи шындық.


Ел көтерсе, жұтамайсың, ер көтерсе, құламайсың.

Ңазақ халқының зиялылары көбейіп келеді, оның арасында: ағаға — ізетті, ініге — ілтипатты, апаға — аруақты, келінге — үлгілі, бұлар мақтан тұтарлық куанышымыз, бұл даму жолымыздың дүрыс бағытта екендігін көрсетеді.

Ұрпаң ңамын ойламаған ңоғам алтынын жаста- нып, аштықтан өлген адам сияңты.

Көптеген азаматтардың аузынан естідім:
Қазақтар, қашан ақылына қеледі? — деі;енді.
Сонда қазақтар әлі бейқам, әлі кең қолтық жүргені ме? Әлі келешекті аз ойлай ма? Менше қазақ — өзгерген қазақ.

Қазақ жері ұлы ата-бабаларымыз жайлаған қасиетті жер. Даласы қандай кең болса, халқы да сондай кең, ерлік пен шерге толы халық. Жаңа заманның ұл-қыздары талантты, іскер болатынына сенім көп.

Біз қазақ жетім қозыдай маңырап өмір сүріп келдік. Ал мына еркіндік алып, ел болып, босаға көтеріп отырганда, оны дамыту үшін ынтымақ, бірлігімізді күшейтіп, Елбасы Н. Назарбаев көрсеткен даму жолын іске асыруға кәрі-жас болыгі ат салысуымыз қажет, бүгін кеш, ертең де кеш болатынын ұмытпа, сондықтан уақыт созбай, қазір кірісу керек.

Тегіңді біліп текті бола аласың, әйтпесе кім күшті соның жетегінде кететін ел боласың.

Қазақ табиғатында да, тарихында да еркін ел болып өскен. Халық сайлаған билер барлық мәселені шешіп отырған, ақыл мен сөзге бас иген халық, түрме дегенді білмеген, сенімі мол сергек халық. қазақ халқы табиғатынан демократ халық, бізде ұлы дала демократиясы үстемдік құрған, оны ұрпақ та білуі керек.

Қазаққа сын айтсаң, шешілмейтін дауға кезігесің.

Қазақ халқы келешекте ең бақытты, ең дәулетті болады, себебі екі аяғы екі материкті басып, таразының басын теңгергендей тепе-теңдікте тұр. Ол Европа мен Азня материгі. Қазақтар екі материктің арасында дем алып, жерін жайлап, суын сусындап, байлығын меңгеретін, қатардан асқан ел болатыны анық.

Бүкіл қазақ азаматтарына айтарым: жиырма бірінші ғасырға ұлтымыз да, руымыз да қазақ деп кірейік. Бабамызда, атамызда, аруағымызда тек қазақ болсын, сонда бірлікшіл де, ұйымшыл да боласың, басқа өсек-аян арамызға кірмейтін болады. Екі ата бірігіп казақ болмайды, екі ұлт бірігіп қазақ болмайды, казақ тарихи қалыптасқан біртұтас бірақ ұлт — қазақ, еліміз Қазақстан, жеріміз Қазақстан. Тіліміз де, ұлтымыз да — қазақ.

Жер бетіндегі барлық халықтар ерлікке ерекше бейімделген, себебі ауырсаң басыңды сүйеп, аузыңа су тамызады, ассаң иығыңнан басып тоқтатады.

Өзіңді-өзің қанша есе кішірейтсең, халық сонша есе үлкейтеді.

Өз халкыңды күндеме, кемшілігін айтып жүндеме, себебі кемшілік халықта емес, бізде.

Ән мен би  барлық халыкты достыққа шақыратын ортақ тілі.

Бақылап көрсең сапырылып, аласұрып асығып жүрген халықтар, бір жоғалтқан нәрселерін іздеген сияқты, тіпті мақсатсыз ұзақ күнді өткізіп кезіп жүргендер де бар. Бұларды еңбекпен байлау керек, әйтпесе босқындай болып кетуі ғажап емес.

Панасыз адам жапандағы жалғыз ағаш сияқты, тез көзге ілігеді.

Халық зиялы азаматтарсыз - соқыр.

Адайлықтар өздері бір жеке ұлт сияқты, қайсар, елшіл халық.

Халық игілігіне бағытталған мұрат болса, шайтандармен келісіп, нысанаға жету керек, содан соң шайтан да басқа келісімін ұсынады.

«Жат жарылқамас» дейді, бірақ та жат елде жүріп те еліңді жарылқаудың амал-тәсілін үйрен.

Қазақ халқы барды бағалап, жоқты тауып, төзімділікпен ақтабан шұбырындыны, кырғын аштықты бастан өткізіп, көсегесі көгерген есті халык, есепті халык. Екінші әке-шешең, тәрбие алған коғамдық ортан.

Жеті атаңның мұрасы жеті ғасыр жасауы мүмкін, бірақ оны жасаған атаң емес, қарапайым халық екендігін ұмытуға болмайды.

Ұлт—ұлт болуы үшін рухани байлығы жоғары болуы керек, жер байлығы тіршілік қажеттілігі.

Ата-баба дәстүрін, ел салтын ұмытқан ұлттың келешегі жоқ. 

Қазақтың халық әндеріне не жетсін, барлық қуаныш пен мұңды бірақ жіппен жинақтаған, жеңіл, ықшамды, ойыңда мәңгі қалады, ал қазіргі әндер ай- тылды қалды, тез ұмытылады.

Біздің ата-бабамыз суықта туып-өскен, шыныққан, өкпеміз жарғақ болған, киіз үйде туып, желге де, суық-ызғарға да, ыстық-ызғаққа да қақталған ерекше жандармыз.

Біз аспанда күніміз, жерде соққан желі, үскірген аязы, ызыңдап ән салған бораны мен дауылы, нөсері мен күншуағы бар елде түрамыз. Біз табиғатымызда жүдейтін халық емеспіз, ширап, шырық ұрып еңбек ете білетін дарындылығы мол халыкпыз.

Барлық халықтар әділеттілікке ынтық десек і;ателесгіеген болар едік, себебі бүл адамдардың жүрек- жарды көксеген талап-тілектері мен арманы.

Қазақтар әрекетті болып өзгерсін, басшы бірлік пен берекені көздесін, сонда көңілдегі ел боламыз.

Ел ішінде білмесең, жат ішінде көрмейсің.

Кейбір қазақтар дәреже бітіп бақ қонса, 77-ті атасының тарихын қозғайды, басқа жұрт сырт қалады, бұл тәкаппарлық па, мақтан ба, әлде дәстүр қуғандық па?

Қазақтың сары даласының өзі жыр жырлап жатқандай, түсініп-біліп жазып ал.

Қазақ қазақ болғалы орыстың жақсы жақтарының 75% алды, қалған жаман жағының 25% өздеріне қайтарып беріңдер. Бұл ұрпаққа айтқан өсиетім.

Орыстардан үйреніңдер деп ұлы Абай атамыз да айтқан, оны енді біз де айтып келеміз, бірақ жалғыз орыстан ғана емес, әлемнің басқа халықтарының да жақсы жақтарын оқып білу қазіргі заман талабы, басқа халықтардың жақсы қасиеттерін бойға сіңіріп құт етіңдер, көркейе бересіңдер.

Біз, қазақтар, табиғатымыздан көнтерлі халықпыз, істің соңғы нәтижесін күтпей, қортынды айтпайтын төзімділік қасиеті мол халықпыз.

Халыққа имандылық көрсет, мінезіңді көрсетпе.

Қазақ сөзді елеуіштен өткізіп тыңдайтын халық, тоқсан тоғыз ауыз сөздің тоғызын ғана мақұлдауы мүмкін. Қазақ сөзге келгенде көмекейлерінен бүлкілдейтін паң, талғампаз, талданпаз бай халық.

Қазақта үш саны қасиетті, киелі, қай істе болмасын, үштен кейін нәтиже шықпаса, қатаң шешім алатын көрінеді. Үш саны кеменің якорі сияқты емес пе, тоқтауға, сабырлыққа, тыныштыққа демеуші.

Қазақтар жол жүргенде «ағаш қазан қайнатайық» деген сөзді жиі айтады.Бұл сөздің мағынасын қазіргі жастарға үлкендер түсіндіріп айту керек деп ойлаймын. Жолаушылар кезектесіп әңгіме айтып, алыс жолды қысқартады, «ағаш қазан қайнатайық» деген сөздің мағынасы сол. Қазақ тілі осындай әсерлеуге бай, ұғымды  керемет салыстырмалы нысанда, жұмбақтап айта алады.

Руын сұрама, ұлысын сұра, сонда оның қай елден екені белгілі.

Бірінші болу жақсы, бірақ қатарда болғанға жетері жоқ. Қатардағы көбейсе, берекелі ел, бірлікшіл білек пен тілек болар еді.

Діннен кейінгі дәстүрдің кең тарағаны ұлттық сезім мен мақтаныш.

Қазақ өзбекті өз ағамнан, қырғызды апайымыздан депті, сонда түрікті бабамыздан дейміз бе? депті  бір қу.

Бұқара халықтың аңсағаны – алға да түспеу, артта да қалмау, ендеше «алтын орта»  қайдасың деп тіршілік құруға ұмтылады.

Ең үлкен сыйлық: қарапайым халықтың алғысына ие болу.

Өмірді тануды, білуді, ұғынуды зиялылардан ғана үйренем деу үлкен қателік, қарапайым халықта мол даналық пен керемет ұшқыр ойлар мен сиқырлы сөздер бар екендігін әр дайым естен шығармау қажет. Не іздесең – соны бұқара халықтан табасың.

Адалдық жолындағы құрбандықты әмірші көрмейді, халық көреді.

Қазақ! Ел қатарлы болғың келсе ата қума, ата дәстүрін қу. Бабаң да — қазақ, анаң да қазақ, ұлтың да — қазақ! Бабалар ата қуып даулас деген жоқ, біз қазақпыз деп қан жұтты, қан төкті, қанжар жастанып, бір көзін қарауылға қойып өмір кешкен қазақ!

Қазақтар табиғатында сабырлы болғанмен, ыстык қанды халық, тұтанып кетсе, жалындап жанбай басылмайды.

Қарапайым халық арасында ауыздан-ауызға тараған көптеген өлең шумақтар бар-ақ, бірақ қазір оны ұмытып барамыз, бір-екеуін айта кетейін: «Ауданнан шыққан ақ байпақ, Келген екен ел байқап.»

Комментариев нет:

Отправить комментарий