вторник, 3 апреля 2012 г.

Өнер, ғылым, шығармашылық туралы


Әр адам өз өнерін муза санайды.

Өз өнерің, өз бақытың жағалап кетпей жүр, жетілдіріп жететін бол.

Әдебиет қоғам шындығының куәгері де, прокуроры да.

Әдебиеттің түрі ұлттық қана емес, мазмұны да ұлттық, әйтпесе ұлт болу неге керек?

Математика ойды да, сөзді де жүйеге келтіріл қоймайды, шешендікке де, тиянақтылыққа да, сөзділікке де үйретеді.

Нүктенің сырын түсінген, интегралды меңгереді.

Салыстырмалық теорияны нақтылы түсінген, адамның дүние тануы арта түседі.

Математика нольден басталып шексіздікпен аяқталады, сондықтан оны шын ниетпен оқып үйрену керек, оның бергенінен бермегені көп, соны табу жастарға жүктелген.

«Пи» санына таң қаламын, әлемдегі барлық қозғалыс атаулы құбылыс осы санмен дағдырлас, онсыз Күн жүйесі қарапайым ұғым болып қалады.

Математика өмір тіршілігіне қажет ғылым. Қоғамда тіл қандай қажет болса, математика тілі де сондай қажет, ол табиғаттың тікелей тілі, оны сүйіп  оқып үйреніңдер, сырын ашыңдар, сыйлығын алдында күтіп тұр.

Дүниеге құныққаның жұтың,
Ғылымға құныққаның құтың.

Ғылым іздеуде болдым деме, жаңа бастадым де, сонда шаршап-шалдығуды ұмытасың.

Математика адам сенімін арттыра түсетін ғылым.

Драматургия — қабырғасының бәрі айналы үй сияқты, өзіңді де, басқаны да, жан-жағынды көріп отырасың, сондықтан да көрермен құмарта, ынтыға зер салып көреді.

Әдебиетті — талант пен жүрек жасайды.

Өнер үйренгің келсе, орыстардан үйрен, себебі бүргені де тағалаған халық тегін емес.

Ғылым соңына түскен адам, қараңқыда ине іздеп жүрген адамдай.

Өнерлі өрім тоқып қамшы істейді, өнерсіз кайыр сұрап қол тістейді.

Ғалым нүктеден көп-көп жаңалық ашқан адам, ақылдылықта өлшем жоқ, салыстыру ғана бар.

Ғалым ойлаған ойынан қайтпайтын жандар, өз пікірі үшін отка жанып, өмірін қиады.

Өнерлі болғың келсе, тіліңді түзе.

Ескіні меңгермей ғалым болам деме.

Әдебиет арқылы әлемді танисың, қала берсе өзіңді танисың.

Әр өнердің, әр ғылымның өз пайғамдарлары бар, солармен кездесуге асық, бағытың айқындалып, мақсатың жақындайды.

Математиктер аз сөйлеп, көп ойлайтын адамдар, сөзге сараң болғанмен, ойға жомарт.

Ғылымнан басқаның бәрі жалған.

Ғылыммен шұғылданған адам өз жазғанын оқып, мұны «қандай керемет адам жазған» дейді.

Ғылымның әр саласын бірінен-бірін бөліп қарауға болмайды, бәрі бір тамырдан таралған бұтақтар.

Ғылымға берілу үшін — сену керек.

Мен ғылымға шын беріліп, соңына түскен адамды көргенде: арқасына қапқа тас салып биік шыңға көтеріліп бара жатқан адамды сезгендей боламын.

Ғылымның жолына түскен адамдар нағыз әулие, себебі оның ғылымнан басқа аңсары жоқ, бір беткей кететін адамдар.

Әр ғалымның ашқан жаңалығында оның өзі білмейтін тағы да сырлары болады, оны келешек ұрпақ толықтырып, жаңа сипат беріп жаңартады.

XXI ғасырда жалғыз күннің ғана энерғиясын пайдаланбаймыз, басқа да алып жұлдыздардың энергиясын пайдалану әдісі табылады, сонда әр отбасында энергиялық аштық жойылып, адамзат молшылыққа кеңеледі, сондықтан ғылымға кең жол ашылып, қамқорлық жасалсын.

Физиканы меңгеру үшін спектрлік сызықтар және электрондық қабыршақтармен Н. Борша сөйлесе біл, сонда дүние танымың кең өріс алады.

Еңбек істеп жүріп, біз үздіксіз әр түрлі ой тізбектерінде жүгенделіп жүреміз, бірақ оған көп мән беріп, елеп ескермейміз, бұл өте жаман әдет. Байқампаз болмай, ойланпаз болу жоқ.

 Ғылым соңына түскенде, әне ұстадым, міне ұстадым деген аңшыдай боласың.

Білмегеннің бәрі «неге» деген сұрақтан басталады.

Тіл білмей өнер үйрене алмайсың, ұлы Абай аксиомасы ғылыми дұрыс: «Өнер алды қызыл тіл».

Өнерге бейімделген адамның табиғи бір ерекшелігі бар, бірақ сол ерекшелікті әркім әр түрлі түсіндіреді, дәл тауып айта алмай жүрміз.

Нан бар жерде аштық жоқ, білімдіде қастық жоқ.

Туа ақын болуы мүмкін, туа ғалым бола алмайсың.

Өнерді кемеңгер ойшыл ғана табады демеңдер, өнерді бұзык сотқар да, өр-нақұрыс та, аузын ашпас момын да табуы ғажап емес, адам табиғатының күрделілігі осында.

Ғылымға сенбеген адам шындықтың не екенін білмейді.

Ғаламат ғалым, мәртебелі өнертапқыш, қажымас қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, жетік  дәрігерлер, ұлағатты ұстаздар туа болмайды, өсе, іздене, еңбектене ми функңиясының дамуы нәтижесінде болады, сондықтан балаға жастай мимен жұмыс істеудің әдісін, тәсілін ерте үйрету керек, қолымызды қалай өнерге үйретсек, мидың ойлау функциясын да солай үйрету керек, сонда өмірге ерте жол табасың, ата- анаңа жүк түсірмейсің. Өз жолыңды өзің табасың, өз сүрлеміңді өзің жасайсың, сондықтан да оқы, үйрен, ойлан дейміз.

Математика пәні ойды ғана жүйелемейді, сөзді де жүйелейді.

Ғылым жолына түскен адамды ғана уақыт күтеді.

Сенімге, нанымға қонымсыздықты нанымды ету үшін, ғылым соңына түсеміз.

Математика практикада туып, абстрақциялы кең кеңестікке айналды.

Электр энергиясын алудың ең арзан жолын келешек ұрпақ тауып, халықтарды мәңгілік қараңқылықтан азат етеді.

Математика сабақталған ине сияқты, барлық басын қосып біріктіріп тігуге үлкен көмек жасайды. Келешекте адамдардың ұғысатын ең қысқа тілі математика болады.

Келешекте компьютердің әр алуан жетілген түрлері болады, біз өзімізге беймәлім талай сырларды ашатын боламыз.

Мен пайғамбар, яки әулие емеспін, өткенді сараптап, келешекті болжай аламын десем күнәға батар едім. Мен өзім көрген, өткен мен осы шақты ойланып, өз пікірімді жазып келемін. Оның барлығын шындыққа жорып оқи бер демеймін, ойланып, өз пікіріңді тудырып оқы деймін. Оқыған дүние ой қозғамаса, ондай жазылған кітаптың құны бірақ теңге.

Роман көп әңгіменің жиынтығы, әңгімеге шебер болсаң, роман өзі келеді, тек ойынды жүйелей біл.

Ғылымға бас имейтін пенде аз-ақ шығар, бірақ тәжірибеде, өмір тіршілігінде көптеген ғылымдар өмірді жоюға еңбек етіп жүр, өкінішті-ақ, тағдыр душар етеді ме деймін?

Ақынның қорғасындай балқып, граниттей қататын күйлері болады, бұл ақынның ауыруы, онсыз ол денсаулығым мықты демейді.

Ақындық ана сүтімен, туған топырақпен ғана қоректенетін гүл, ол гүлді солмас үшін халқы қамқорлыққа бөлеген.

Ақын Күннен жаралып, сумен күн көрген адамдар.

Жазушы адамның жан дүниесінде жүзіп жүрген қайықшы.

Мансап биік пе?                                                                                                           Әділдік биік пе?                                                                                                                    Бұған жауапты әкім мен ақыннан сұраңдар.

Әлемнің құрылысы туралы теориялар көп-ақ, бірақ толық ғылыми шешімі жоқ теориялар. Жаңа ұрпақ «жаңа теория» ұсынатынына кәміл сенуге болады, оған ғылымның көптеген жаңа салалары дәлел бола алады.

Ғасыр сайын «бір гений» тумақ емес, «мың гений» туатын болады, себебі біз ғылым бәйтерегі терең тамырланып өскен дәуірде тұрамыз. Ғалым көбейсе, береке де, бірлік те көбейе береді.

Шығармашылықтағы адам уақытпен есеп айырыспайды, ол уақытты ұмытқан
адам.

Ғылымдағы ашылған жаңалық — әлемдік бақыт.

Ғылым — өмір қажеттілігі.

Адамзаттың саналы, жетілген өміріне екі мың жыл болайын деп тұр. Осы екі мың жылда адамзат ғаламат жаңалықтар ашып, өзін көрсете білді. Алдымызда үшінші мыңжылдық есік қағып тұр. Бұл жаңа мыңжылдық біз білмейтін талай ғажайып кереметтерді әкеледі. Біздің ұрпақтар осы үшінші мыңжылдықтың жаңалықтарын жасаушы, ашушы, шын бақытты ұрпақ болмақ. Мен өзімді бақытты санаймын, себебі, үшінші мыңжылдықты көрдім.

Адам баласының жадысына қонымды, сіңімді, жүрекке жылы, қанға сіңген мәдениет болады, басқаның барлығы уақытпен құрылған іс жоспары сияқты.

Шығармашылық қан түйіршектерін жіпке тізгендей еңбек етуді қажет етеді, осыны балаға ерте бастан ұқтыру керек.

Шабыт өте ұялшақ, жасырына береді.

Өлең  - адам сезімінің ең нәзік, ең таза туындысы.

Кемеңгерден үйренбесең, кемтігің толмайды, тоза бересің, ендеше рухани дамуға талпыныңдар, сонда асыл атамыз Шәкәрім ақын айтқандай: «кірсіз ақыл, мінсіз сөз, адал еңбекке» кезігетінің анық.

Өнер дегеніміз ой мен қиялдың табиғаттан орын алуы.

Әдебиет жақсыға да, жаманға да ортақ, себебі ол екеуін де әсерлейді.

Мақал мәтелді әке шешемнің сөзі деп қастерлеп, жадыңда сақтап жүр, әр кез пайдасын көресің.

Поэзиямен шұғылдандым дегенше, жұлдыздарға саяхатқа кеттім де, азабы көл көсір саяхат таңдағансың.

Әлем әнге толы, қуанышпен тыңдай да, айта да біл!

Өнер білім табу ауыр, бірақ машина сұрамайтын жүк.

Математика дегеніміз Жер шары, ал оның амалы бүкіл Галактика.

Жақсы ән көзден қайнап шыққан су сияқты, ішкен сайын іше бергің келеді.

Ауа райына тәуелсіз дамитын ғылым.

Шеберді сынама, өнеріне таңдан.

Бірінші қырсық білгенді ұмыту, екінші қырсық білуге талпынбау, үшінші
қырсық немқұрайдылық.

Өнері мен білімі озған елдің баласынан да үйрен, еш ұяттығы жоқ.

Саусағынды бейімдей білсең, әр өнердің шебері боласың, он саусағында он өнердің оты жанып тұрсын, жаратқан өзі біліп он саусақ беріпті, функциясын анықтау өзіңе тән қасиет.

Өнер білім сана сезімімізге қап қаптап кірмейді, шым шымдап кіреді, төзімділік пен қанағаттылық керек.

Шығармашылықпен шұғылданған адамға баға беріп, жетік түсіну үшін ғасылар керек сияқты.

Талаптанып көр, неге бейімделігің бар екендігінді анықтай түсесің.

Өнер мен білім бірақ жолда: адамды адам деп тану үшін жұмыс істеуде.

Ғылым үздіксіз дамиды, ендеше оны меңгеру де үздіксіз болуы шарт.

Өлең романның ең тиімді түрі.

Нольсіз математиканы меңгеруге болмайды, ол қан түйіршіктері сияқты математиканы қозғалысқа келтіреді, ұғымныңмәнін тарылтады да, кеңейтеді де.

Мені сынайды ау деп жазба, сыналып болдым деп жаз, сонда төрт бағытың бірдей болады.        

Қағаз бен қаламнан жаңалық туып таралған.

Ғылым жасайды да, жояды да, ол қоғамдағы алып күш.

Өнері бардың жолы көп, өнері жоқтың жолы жоқ.

Физиканы түсінгің келсе протон  мен нейтронның арасында тағы бір элементті бөлшек бар деп оқы.

Ақындар болмаса, рухани өміріміз мағынасыз болар еді. Ақыны көп ел, рухани бай
ел.

 «Абай дария, мен одан шөмішпен қалқып алдым», депті М.Әуезов. қандай даналық, терең мазмұнды сөз! Абай атамыздың кемеңгерлігін әлемге паш еткен ұлы заңғар ағамыз М. Әуезовтің осы сөзі үнемі Абайды не Мұхтарды оқыған кезімде есіме түседі.Дұғалы сөз!

Қалибек, Серке, Елубай аталарымыз қазақ театрының үш сөнбес жұлдызы, ғаламат дарынды табиғи артисттер! Ұрпақтар мақтан ете алатын ұлы адамдар, дарын иелері!

Жазушы болу міндет емес, жаза беруге үйрену міндет.

Өмірді өте жақсы білетін адамдар көп ақ, бірақ олар жазушы емес, адам өмірді білгендіктен жазушы болмайды, талантымен, ерекшелігімен, дарынымен жазушы болады. Мұны мықтап еске сақтаған дұрыс.

Түсінікті ой болса, ол шығарма жақсы жазылған дер едім.

Мен табиғатында қысқа әңгімені ұнататын адаммын. өзі қысқа, бірақ ойландырары көп болса деймін.

Поэзияның көзі халықта, керегін алып, орныңды өзің анықта.

Сөзді тыңдай білген ғалым болады.

Ақындарды мен сарқылмас жыр дариясы дер едім. Қазақ елі жыр дариясына бай ел.
Жыр дариясы көп елде тарығу, уайым деген болмайды.

Әдебиет қоғамның жанашыр ұлы анасы.

Әдебиетте шектеусіз ой мен пікір туу үшін өзіңді ешкімге тәуелді ұстамауың керек.кейде біз ұлылардан үйреніп, тәлім тәрбие аламыз, кейде ұлылар бізге психологиялық тежеу жасап, жұмысыңды алға бастырмайды, оларға бас ие бересің. Мұнда Абай атамыз айтқандай: «Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз», дегені өзіңді жігерлендіреді. Өз ойыңды жазарда өзің ғана ойшылсың, өзің ғана данасың, өзің ғана іскерсің, өзіңнің ғана қолыңнан келеді деген ниетпен іске кірісу керек.

ХХІ ғасырда терең мағыналы, бірақ қысқа сөзі еркін, жеңіл, түсінікті, ырғағы мен айтылуы қолайлы, жазу түрі алуан алуан әдебиет дамиды, келеді. Аз оқып, көп түсінік алатын әдебиет керек. Тәлімгерлік мәніне, шындығына, көркемдігіне, ойшылдығына ерекше мән берілетін болады.

Кәрі бол, жас бол, белсенділік пен еңбекті, спорт пен өнерді тоқтата көрме, сонда өмірің жетіле де, жемісті де болады.

«Абай жолын» оқымай, қазақ өмірің терең сезініп біле алмайсың. Сондықтан, бұл романды әуелі қазақтардың өзі бірінші болып оқу керек және қайталап оқу керек.
Бесінші сыныптан бастап әр әдебиет сүйген бала бұл кітапты қолына алуға міндетті.
Адамнан адам жасайтын әдебиет қана.

Әдебиет өліні тірілтеді және оған жан бітіреді.

Мыңға ұнайтын кітап жоқ, мыңның біріне ұнаса жеткілікті. Әлемдегі кітаптардың тағдыры осындай, бұл шындық.

Екі жол әңгімеде де тәлімгерлік мағына жатсын.

Өнер тағдырдың жырын жырлап, мұңын мұңдап көкке көтерсе, ол нағыз өнер.

Ақын — ақын болып туады, ақын болып өледі.

Ақындар мен жазушылар шын бақытты адамдар, басқаларымыз солардың нұрына шомылып келеміз.

Ғылымға берілген адамға түнде жарық болып четеді.

Суырып салма ақындарды көргенде екі иығында екі періштесі отырып, құлағына сыбырлап айтып тұрғандай сезінемін. Не деген тапқыр, тіл жорғасы халык бұл — қазақтар!

Мен, әр ақынның жүрегінде өз Абайлары отырғандай сезінемін!

Химия, химия!
Пайда менен зиянды,
Бірдей ғып тұрсың жымия!

3 комментария: