вторник, 3 апреля 2012 г.

Батырлық, батылдық, жауыздық туралы


Жыртқыш аңнан қорықпа, жыртқышты құртқаннан корық.

Шыңға шыққан да ерлік, шыңнан түскен де ерлік, себебі екеуінде де өлім құшағындасың.

Жауыңмен кездеспес бұрын, жауыңның жауымен кездес, содан соң
әрекет-айла жасауға болады.

Қастықты жасаған қателестім демейді, «қатырдым» дейді.

Жауыз, арам, зұлым адамдар бар-ақ, осылардың
қалай туғанын білмей-ақ келемін.

Зымиян адам күліп келіп, күңірентіп кетеді, бірақ оны біз ең соңында білеміз.

 Қанышердің жүйкесі қанжар тигенде ғана ауырады.

 Зұлым зұлымдығын істемесе, жұлыны үзіледі.

 Қасқырды тепкен, итті түрте салады, сақтанып жүр.

Беліңде қылыш болса, сермеп қалған дұрыс.

 Кейбір жексұрын адамдардың ішінде ит ұйықтап жатыр, кезі келгенде оянады, қапқанның ерсісін сонда көресің.

 Ой қорқақ, оның әмірімен істелген жұмыс тоқтай береді, жүректің әмірімен істеу керек, себебі ол барлық қиындықты өзіне алады.

 Арсыз адамдық қасиетіңе ғана тиіп қоймайды, құртып жіберуге де дайын, неткен ар-ұяттан кеткен жандар, оларда жүректің орнында қара тас па деп ойлаймын. Жүрегі қара тас жандарға кездесе көрмеңдер.

Өлтірушінің оғы адал-ағыңа қарамайды, өз жағдайының өзгеруін
көздейді.

Ұшқыр ой, ыстық сезім іске аспай қалуы ғажап емес, сондықтан ерлік
пен батылдылық әр істе қажет сияқты.

Өтірікшімен кезік, тонаушымен кезік, өлтірушімен кезікпе, сонда бір қорытындыға тап боласың.

 Батыр болсаң есті бол, қорқақ болсаң жалтақ бол.

 Төбелес ес кіргізбейді.

 Намысты болу жақсы, бірақ өшпенділікке тіреме.

 Қалам да қауіпті, қанжар да қауіпті, бірақ екеуі де естінің қолында болсын.

 Мылтық атсам дейді, қылыш шапсам дейді.

 Намысты жігіт тау қозғар.

 Төбелес түбі тұңғиық, батасың да кетесің.

 Ақылдасқан алып күш, шегінсе де жеңеді.

 Бірлік болған жерде, білек те бір, тілек те бір.

 Еркектің күштілігі оның қанына тәуелді, қаны көптің күші де көп.

 Жеңілусіз — жеңіс жоқ.

Бәрілік әрекет батылдықтан басталады. Не істе болса да батылдықты дамыту керек.

Ерлік болмаса, ақыл ой ұйқыда жатады.

Қиындықты жеңу үлкен ерлік, әркімнің ақыл ойы, сана сезімі, қайрат күші келе бермейді.

Ер беліндегі қанжар сертке беріктілік белгісі.

Ер жігіт қуанышта да, қиындықта да беки түседі, себебі ерлікте ақылдылық пен сабырлылық ұштасып жатыр.

Ауыру ауадан, ақылдық анадан, ерлік атадан да, анадан да.

Далам қандай кең, байтақ болса, қазағым да сондай көп, бейқам ақ!

Түтін жұтып артта жүргенше, алда жүріп отқа түскен артық.

Отты жүрек от болып өтеді.
Қорқа берсең, қара шыбын да ара болып шағады.

Әмір әмірші емес, жүрек әмірші, сондықтан да жүректіден батыр шығып жүр.

Қорқарың болған соң, тексеріп те керек емес.

Комментариев нет:

Отправить комментарий