вторник, 3 апреля 2012 г.

Ынтымақ, бірлік, сыйластық туралы


Діндар адамдардың жүрегі де, бар көңілі де, сезімі де тек бір «жаратқанға» шын берілген, ондай адамдарды сыйлау да, ардақтау да дұрыс.

Бөлінбеген бірлік-берекенің басы, бірліктен айырылмаңдар.   

Әр кез әдептілікке бейімделу дұрыс, себебі ол тіл табысудың бірінші жолы.

Аз өмірде бірі-біріне оқ атып араздасу адам қылығына жат мінез, мінезді түзетпей жақсы жаққа өзгерем деп ойлама, ол өзіңді-өзің алдау.

Мінез адамның жарты қасиетін қамтитын бойына біткеп құты, сондықтан жақсы мінез қалыптастыруға өзіңді тәрбиеле.

Бай бол, жарлы бол, бірақ тілегім бар — әділетті бол.

Шеңқұмарлық сатқыннан алыс кете қойған жоқ, оған көп сене беруге болмайды.

Артық сөйлеу ағаттық, өз жаныңды қинайсың.

Шындықтың көзі: балада, жігітте, ақ сақалдыда, басқадағы  шын дегеніміз жалған.

Әділдікті аңсаған өзі көрмей кетуі мүмкін, бірақ ұрпағы, халқы көреді, сондықтан әр іске сабырлық жаса дейміз.

Әр кез жолым болсын десең: жазыспа, өкпелеспе. өштеспе, өсектеспе.

Шындықка өлім жоқ, қылыш шауып, оқ өтпейді.

Арлы көңілі — алымпаз, Арсыз көңілі — жағымпаз.

Аясына алған ағайынды, аркаңа көтеріп асыра.

Жығылғанда  көтерер адамың болмаса, жығылудан сақтанып жүр.

Жиен менен немере біріне-бірі көне ме, қолда барын бөлісіп, біріне-бірі бере ме?

Қандай дін болса да,жолы бір — әділеттілік.

Адал сынның тынысы — күлкі.

Екі қатын алған өзеннен күнде малтып өтеді, бір күн суға кетеді.

Бірліктің түбі төзімділікте. Төзімге тіреліп ой тоқтатасың, бірақ төзімнің шегі бар, шегіне жеткенде адам тез өзгереді.

 Шыншылдың көзі — от, өтірікшінің көзі бұлыңғыр.

 Қолың былғанса жуасың,  ар ұятың былғанса тығыласың.

 Шындыққа  елдің бәрі құмар еместігін де еске сақтаған жөн.

 Сенім жоқ жерде, сыйласу да жоқ.

 Көрегенділік көкте емес, көкіректе.

 Кеңсекен ел — кері кетпес.

 Аларыңды — аларсың, тығарыңды — тығарсың, ұрлауыңды — ұрларсың, ар-ұятыңды қайда қоярсың?

 Ақиқаттың қанаты — халық, талуды білмейді.

 Заң — ақиқатты қорғаушы.

 Әділеттік — мұрат, сол ушін өмір сүріп жүрсің.

 Сот соттап, әділ шештім дейді, сотталған әділетсіз кеттім дейді.

 Береке кірмей, белден ауыру кетпейді.

 Сұранғыш болмай, сұраудан құтыла алмайсың, құдайдың өзі сұрағанға беремін, жылағанды көреміп деген.

 Әділетттілікті бұзушы әділет қызметкері болуға лайық емес.

 Жақсы десе — жақсымын, Жаман десе — жаманмын, Екеуіне де өкпелеуге болмайды, төрелікті халық айтады.

 Шындық үшін күресу, өз жүрегіңді өзің жұлып салғанмен пара-пар.

 Қолыңдағы саусағыңның бірі үлкен, бірі кіші. Біріктірсең  алақаның, жеке-дара әлсіз күшті.

 Шындықты дәлелдемесең шындық болмайды, ендеше шындықты шындық дейтін адам болуы қажет.

 Шындықта ғалымның жүрегі мен көзі жатыр.

 Адам өмірге әрекеттену үшін келеді, әрекеттеніп жүріп дүние салғанын білмей де қалады, өмірді шамаң келгенше қуанышпен,
шаттықпен өткізуге талпын, ренішті іздеме, өзі тауып алады.

 Арам әр кез арамдық ойда жүреді, онсыз ол өмір сүрдім демейді.

 Адалдық пен ақ көңілділікке жететін адамның ешбір әулеттілігі жоқ.

 Адал адамға тар дүниеде кеңейіп кетеді.

 Өзің адал болсаң, арамдық аяқ астында жататын зат сияқты елеусіз қала береді.

 Адамның адалдығына көзің жетпей, пікір айтпа, қиянат жасайсың, жүрегіне дақ түсіресің.

 Арам пиғыл жинама, өзің содан азап шегесің.

 Сыйласу дұрыс сәлемнен басталады, достасу пікір бірлігінен туады.

 Көңіл сезбегенді көз көрмейді.

 Акылдылықтың да, адалдылықтың да азабы бар, бірін өзің көресің,
бірін басқа көреді.

Дәйекті іс кімге де болса жақын.
Бірлігі жоқтың бүлігі бар.

Сыйлай білуге үйренсең, си көрсетер жан табылар.

Өнегелі өмір, өлең айту емес, ішіп жеу емес, машина алу емес, үлкенді де, кішіні де сыйлау.

Рахмет айтсаң, өзің де, өзге де бір жүктен босанып қалғандай сезіңесің.

Сыйлы адамыңа әр кез қол ұшыңды бере жүр.
     
     Өзіңнен үлкенді, өзіңнен кішіні сыйлау бір жағынан құдай жолы, екінші жағынан ата-баба жолы, үшінші жағынан адамдық жолы, осы үш жолды адалдықпен жүріп тіршілік етсең, еш кемшілік көрмейсің. Бірін орындап, бірін бұзсаң тіршілігіңде береке болмайды.

Діндердің дін болып турғаны: бірлік пен татулыққа шақыруында.

С

Комментариев нет:

Отправить комментарий