вторник, 3 апреля 2012 г.

Бастықтар туралы


Сиыспаған екі бастыққа бірақ жол бар,біреуі қоштасу керек, бірақ іс тәжірибеде екеуі де орнынан тайып жүр.

Бастық болу оңай, басшылық жасау азап,тұла бойыңа тікен кіргендей.

Домалақ хатқа ілікпеген бастық, бастық емес.

Бастықтың да бастығы бар, біріне сіз дейміз, біріне сіз дейміз.

Кейбір басшыларға өз мұқтажынды шешу үшін түлкі болып кіресің, қайсыбіріне ит болып кіресің, бірақ айтарым, еш уақытта да қасқыр болып
кірме, онда ештеңе де шеше алмайсың.

Басшыларға айтар ақылым: ақылдыдан әңгіме сұра, қалталыдан әзіл сұра, ақымақтан заң сұра.

Кейбір рушыл басшылардың құрбаны болғандар аз емес, рушылдық қазақшылық болып атанып кетпесе деймін. Қазақшылық деген сөз ағайын, бауыр бәрің бірдейсіңдер, халық бірдей деген ұғымды білдіретін болсын.

Көзіміз көріп, құлағымыз естиді, кейбір басшылар жоғарыдан бітір, бітір деп телефон соғылса, қандай іс болса да бітіре салады.Әкімшілдік деген осы, алды артыңа қаратпайды.

Бастық болған соң, ортақ мүддені көздеп жұмыс істе, сонда өзің де ризасын, өз қол астыңдағы да риза.

Аузыңды жап, көзіңді жұм, құлағыңды тығында деген басшылар бар ау!

Қызмет бабын сатқан, жолама, одан сақтан!

Біреу ашулы болғанда, екінші жасушы, ал үшінші басушы болғаны дұрыс.

Басшы болғаның әр түрлі ойға толғаның.

Бастық болған соң, мойыныма қамыт ілдім дей бер.

Дәреже іздеп, түбірге кез болыпты.

Бастық ақылшы және дәрежесін бетке ұстап әкімшік те жасайды.

Бастық айтты дегенше, батыл айтты десеңші.

Бастығыңа жақындағын келсе, мінін көрме, мінезін елеме.

Бас болдым дегенше, төс болдым десеңші.

Үкім айтуға асықпа, үнін естуге асық.

Бұқа бастық болсаң сүзесің, теке бастық болсаң секіресің, сондақтан нар
бастық бол.

Бастық болсаң жастардың іскерлігін дамыт, сөзді іске асыр, кәріні тыңда да, жасты кәрінің алдына салып қой, айдаушы әр кез керек.

Басшы болсаң:сөзің жылы, көзің нұрлы, қабағың ашық, ойың өзіндікі болсын.

Білімсізге дәреже бітсе, қораз болып кетуі ғажап емес.

Бастық болған соң ақылдан басқа ештеңе іздеме, бәрі содан табылады.

Осы күнгі басшылар ата дәстүрін бұзатыны сондай, бір табаққа үш басты да тартып жүр.

Қайсыбір бастықтардың тілі емес, қарыны сөйлейді ау!

Саясат билікке ұмтылушылар жолы. Бұл жолды біреулер мысық, біреулер түлкі, біреулер арыстан болып жүріп өтеді. Халық бәрін де қолдайды, себебі халықтың ішінде де осылар жүр.

Бастық болу бір тбе, басқару екінші төбе, түспеудің жолын іздеп адал еңбек көрсет.

Кейбір бастықтардың үш ақ нәрсемен шұғылданғандары бар:орыны, ақша және ұзын көйлектілер.

Қайсыбір басшылар қызмет бабында «құдайдың» цүлагын ұстағандай сөз ұғып, пікіріңді тыңдамайды-ақ, бұл оның мәдениетінің әлі де төменгі дәрежеде екендігін көрсетеді.

Әкімдерді халық сайлап қоюы керек, бұрыңғы коммунистердің «сара» жолымен кетуді тоқтату керек. дсмократиялық мемлекет болғандықтан, демократиялық жолымен жүрген дұрыс, әйтпесе халықтың сенімі төмендеп кетеді.

Әмірші болсаң, басыңды ие де біл, сонда тік те ұстай аласың.

Әкіміне қарай — сөзі,
Заңына қарай — мінезі.

Әр әкімнің өз сөзі, өз мінезі, өз ойы, өз салты, өз принципі болсын, ондай әкімнен нәтижелі іс күтуге болады.

Әкім ақымақ болса елі тозады, өзі озады.

Билеушіге қарай тәртібі,
Біліміне қарай қарпуы.

Көп бастық та бір,
Көл бака да бір.

Әр әкім өз заңын шығара берсе, халық заңды сыйлауды ұмытады.

Ақылсыз әкімнің еліне көрсетер әлегі көп, әлегі е.пде береке-бірлік болмайды.

Әр іске бастық болмаса, басың қатады. Бастықты түсініп, жарлығын орындау парыз.

Тарихта көпшілікке қасрет-кесел әкелген ел  басшылары аз емес, тіпті алысқа барып та керек емес, тілі шыққан бала да біледі, олар: А. Гитлер, И. Сталин, Голощекин, Колбин, біздің дәуіріміздегі ел басшылары мұны жақсы түсінеді, сондықтан қазіргі басшылар тарихты қайталау емес, қайта барлық мүмкіншілікті пайдаланып, халықтың әл-ауқатын жақсарту, халықтың сұрауын да, тілегін де, арманын да іс жүзіне асыруға ұмтылған расында да халық ұлдары, знялы, монтаны жоқ адал адамдар. Елбасына сену келер бақытқа сену!

Біз әйелдердің ел басқарушылық, жауынгерлік, даналық қасиеттерін әлі толық мойындамай келеміз, мұны ертерек түсініп түзеген дұрыс, әйтпесе келешек бізге кешірмес күнә тағады. Жиырма бірінші ғасыр, менше әйелдер үстемдік етіп, ақыл айтып, мемлекет қайраткерлері көбейіп дамитын заман болады ма деймін? Әділеттілік сайып келгенде әйелдерде қалатын болады, әйелдерді силаңдар, ардақтаңдар!

Бастық кателессе, бағынушының басы ауырады.

Көп бірігіп бірдің артынан жүрсе, ақылдың жеңгендігі.

Басшы болған соң: биіктегені де, ортадағыны да,  аласадағыны да көре біл.

Шындықты арқау еткен билік адаспайды.

Кеңес үкіметі тұсында үкімет адамдары тура айтпаса да түсінікті, төменгі сатыдағы бастықтар туралы айтсақ былай болатын: бастық болып тұрғанда бәрі жақсы, бастықтан тайдырған соң одан жаман адам жоқ, бұл шындық, ешқандай қосымшасы жоқ. Ал біздің заманымыз өзгерді, бірақ бұрыңғыша басшы болып тұрғандардың бәрі жақсы, ол алынса не дейсіңдер, өздерің айтыңдар? Бірақ орынынан кеткен адамды жамандауды тоқтатқан дұрыс, адамгершіліктің шын мәні осы ма деймін?

Қызмет бабын пайдаланып қоғамның, адамдардың ақ жібін табанға баспай кеткен адал жандар көп-ақ.

Жұмыс әрекетінде біреудің көңіл-күйін ескермей сөйлеу — бастық үшін үлкен қателік.

Жұмысыңнан нәтиже шығарғың келсе: болмағанды — болдыр, көрмегенді — көрдір, білмегенді — білдір, сезбегенді — сездір, ойламағанды — ойлат, жал- қаулықты — құрт, сонда өзіңді де, басқаны да тәртіпке салып басқара аласың, әмір арқылы жетістікке жету мүмкін емес, бәрі бір соңы қайырымсыз болады.

Әкім жүргізушіге қанша бас исең, сонша артыңнан көз жүреді.

Басшы ұжымнан жоғары да, төмен де тұрмауы керек, сонда ол ұжым мүшелерін түсіне де, сөйлесе де білетін болады.

Бастық бастық бола беруді көксейді.

Басшыда ақылдылық пен әділеттілік бірікпесе, нактылы басшылық жасау қиын.

Бастық заман қонағы, қандай қонақ екендігін өзі көрсетеді, ал уақыт пен жағдай өзі әкетеді.

Бүгінгі әміршің бұрыс болса да дұрыс де, себебі ертеңгі әміршіңнің қандай болатын білмейсің ғой. Қазақша айтсақ, барға риза бол.

Қызмет бабын пайдаланып адамды кеміткеннен аулақ жүр, ол жақсы атақ әпермейді.

Қиында қиын не қиын? Азамат болу киын, басқаның бәрі осыдан тарайды.

Жұртты басқару сырт қарағанда оңай, бірақ іші уланып жатады, жұрт оны білмейді.

Ең киын іс — адамдарды басқару.

Айтқаның орындалу үшін не елден асқан дана, не елден төмен жаман болуың керек, адам өмірінің тәжірибесі осылай дейді.

Дәрежең жоғарлағаң сайын баянды адал іс іете, тәлімгерлік үлгі көрсет, халық сенімін ақта, басқа қортындыны халық өзі шығарады.

Дәрежеге көтерілдім дегенің өз қамыңды ұйытқаның, көтерген адамдардың қамын ойлайтын боласың.

Әкем марқүм айтушы еді деп анашым айтатын: Алладан қорықпағанның иманы жоқ, әкімнен қорықпағанның жаны жоқ,— деп. Тегі осы пікір дұрыс па деймін?

Әкім көбейсе шындық алыстайды, жағымпаздар

Бұрын басшы капитализмді құртып, социализм орнатамын деп түсінемін. Ал «қайта құруды» социализмді құртып капитализмді орнату деп түсініпті.

Жаңа бастық өзінің алдындағы бастықты көп ауызға ала бермейді. Оның себебі - өз дәрежесін төмендеткісі келмейді.

Билеушінің қол астында қызмет ете жүріп, оның жансақ айтқан ойын басқаға жеткізуші болма, сонда ар-ұятың таза болуына бақи жол ашасың.

Тәртіп бұзған әкімді соттамау керек, екі жыл қой бақтыру керек, содан соң қайта әкім етіп қою керек, сонда «әкімнің» міндетін әділ атқаратын болады.

Әкімдер неге ынтық?
- Елден ақыл сұрауға ынтық,- депті.

Әміршіңді жаман деме, себебі айтқанын істеп басыңды иіп жүрсің, оған көнбеТен ғана жаман 'пікір айта алады.

Комментариев нет:

Отправить комментарий