вторник, 3 апреля 2012 г.

Байлық пен жарлылық туралы


Тойынсаң да, ашықсаң да шыдайтын өзің, екеуінен де тиісті жазаңды тартасың.
Сабырлық жасап күте бер.

Жоқшылықты, аштықтың тауқыметін көрген адам ғана барды бағалай алады.

Жоқшылық куә тілемейді.

Байлық та, кедейлік те әр үйдің босағасында, екеуі де қонақ, келеді, кетеді.

 Аштықта қол ұшын берген адамыңды әке-шешеңнен бұрын көресің, өзге
 ұмытылса да, аштық ұмытылмайды.

 Аштықта кәрелін құйғай құйқаны асып жегенімізде, қазы мен қартаға бергісіз
 еді, «аштықта жеген құйқаның дәмі аузыңнан кетпейді» деген осы.

 Ақша да ақымақтан қашады.

 Ақша шыбын жаның қайда болса а да сонда, не жаныңды сақта, не мені сақта
 деп тұрғандай.

 Ақша тіршіліктің дастарханы.

 Қалтасы бар озады, қалтасы жоқ тозады.

 Аштық бір дәнді жетіге бөлдіреді.

 Аштық ішіңді бұрап тұрса, жаратқан да түкте  көмек бере алмайды.

Мырзаның да мырзасы бар: бірі жырып береді, бірі жұлып береді.

Малы бардың — сәні бар.

 Ақша көбейсе, сайтан да көбейеді.

 Сараңның қолы алысқа жетеді.

 Жаңа байығанның қолы қалтырауық.

 Аз деп ренжіме, көп деп тойынба, барға тоқ, жоққа бар бол.

 Сараң қатын қонақ келсе, есігінің алдында отырып алады.

 Ит еттің қайдан келетініне мән бермейді, тойғанына мәз.

 Біреудің үйіндегі бір тостаған балдан, өз үйіңдегі қара наның артық.

 Атың жоқ болса, есегіңе риза бол, о да жоқ жандар бар.

 Әлі-ақ бәрлерің де ғарышқа ұшасыңдар, қалтаңды толтыра бер.

 Жаз кедейдің — жұмағы, қысауласы.

 Саудагер бар затын жақсы дейді.
 Саудада кіріс пен шығыс қатар жүреді, бірақ саудагер кірісті ғана
ойлайды.

 Товар болмай табыс кірмес, көк тиін болмай, көк теңге де болмас.

 Жоқтық пен аштық ағайынды, қолтықтасып кедейдің үйіне бара
береді.

 Әр алақанның өз алары бар.

 Астау тамшымен толады, ара гүлге қонады.

 Ақша кірмес тесік жоқ.

 Шелектеп дән салсаң, қап-қаптап аласың.

 Қалтаң тесік болса, қарының орта.

 Ақшалыға айлық жер алыс емес.

 Есегің болса тәубе де, әйтпесе одан да айырылып қалуың қиын емес.

 Кедей денсаулық тілейді, бай кедейдің болуын тілейді.

 Борыш ұйқы келтірмейді, пайда да бермейді.

 Алтын удан қымбат емес.

 Көз тартатын дүние бар, алатын болсаң, кеудеңе оқ қадалады.

 Табыс білімдікте ғана емес, білекте де екенін ұмытпа.

 Кедейдің үйі жарық, терезесі ашық.

 Аштық ұятты ойлаттырмас.

 Қонақ қыдыр болса, өз ризығын ала келеді.

 Тоқ ашты көрмейді.

 Байлығың шын тасыса, қала сайын үй салғызып, панасыздарға тегін
бер.

 Жомарттық та кедейде, жоқтық та кедейде.

 Жеп кеткенге келгенге бәрі жаксы.

 Ақшалы — ай мен күн, ақшасыз — қап-қара түн.

 Ақша таппас жол жоқ.

 Астау толы ас болса, иттің бәрі келеді.

 Бай — дүниенің құлы, кедей — ханы.

 Тоқсанға келгенде, тоғыз қасық ас болар.

Аштық сегіз емес, ала сиырың қысыр қалса тоғыз болады.

 Жарлы шапса, жар кездесер.

 Ақымақ сыраға су құйып ішер.

 Кедейліктің белгісі: бірі болса, бірі жоқ.

 Кедейдің көңілі ақшада, тәтті ұйкыда жатса да.

Байдың той қылғаны, кедейдің тойынғаны.

 Қайыршы көбейсе, өнімнің азайғаны.

 Бейнет белге түседі.

 Әулеттітік — ақылда.

 Кедейлік көзге тез көрінеді.

 Кедей өссін десең, шаруашылығына шек қойма.

 Экономиканы көтеру үшін уақыт есептемей еңбек ету керек,  бірлікпен жұмыс істеу керек, жалғыз  адам жарға жығылады.

 Байлықтың жолы: бірінші — дұрыс басшылық,
екінші — қажырлы еңбек, үшінші — өнімді тиімді пайдалану, төртінші — ғылым жаңалығын толық пайдалана білу, сонда ұшақ те ұшады, көлігің де жүреді.    

Байлық жалқаудың түсіне кіреді, оянса көлеңкесі де жоқ.

 Байлық құс, әлсіздің қолына қонбайды, әлдінің қолынан шықпайды.

 Байығың келсе, тиінді айналдыра біл.

 Байлық жақсы, бірақ ол азаппен келетінін ұмытпа.

 Біреу тіршілікті аңсайды, біреу күн көруді аңсайды.

 Атамыздың мәрттік қасиетін қатаң сақтаңдар, онда кешірімпаз
боласың, мал-жан өсіп, өмірің ұзара түседі.

 Қапаланып қатты сасу қиындықтың тауқыметі.

 Қанша байысаң, сонша қайырымды бол, байлығың болмай, қайырымдылық жасай алмайсың.

 Өзің байи алмасаң, басқаның баюын тіле.

 Дәнді сеуіп дән жина, ашығуды білмейсің.

 Ақшаң жоқ болса, әйелің де өкпелі.

 Ақшаны армандамайтын пәнде көргем жоқ.

 Ақшаң болса қалтаңда, қызық-думан қасыңда.

 Ақша беремін десе, ақсақ та жүгіріп кетеді.

 Ақша — тұман, адастыра береді, сонда да ақшаны қуа бересің.

 Сұрай берсем алам деушілер бар, жүре берсем жетем деушілер бар.

 Бес кәсе шай ішкен, алтыншы кәсіні де ішеді.

 Кедейлік досым болғанша, байлық жауым болсын.

 Нанға жетер ас жоқ. Нан барлық тіршілікті ұстап тұр.

 Аштықта жеген бір уыс бидайдың сөлі аузымда әлі сүт татып тұрғандай.

Қолда барға жетер жоқ. Бір алақаның дәнге толса, екінші алақаныңды жайма, ол қанағат шегінен шығып кеткенің. «Риза болсаң маған, тағы берем саған», — депті жаратқан.

 Әр адамның ойында үш ой жүреді: отбасы, мансап, ақша.

 Өмір іздеген адамды көргем жоқ, байлық іздегенді көрдім.

Байдың «костюмі» қуанып тұрады, кедейдің «костюмі» мұңайып тұрады.

 Ақшаға ғана кез-келген жерден орын табылады.

 Байлыққа ынтық болғаның жақсы, бірақ ақылдан кенже қалма.

Байлық көрген түстей, оянсаң таба алмайсың, кедейлік жолда, аяқ алып жүре алмайсың.

 Біз жеке бастың байлығын аңсамаймыз, халық мұқтаждығын қанағаттандыратын қоғамдық байлықты аңсаймыз ба?

 Бай болмай, бар бола алмайсың.

Әр кез барлықта болуымыз үшін тіршілік жасаймыз.

Ақша тасты балқытып буға айналдырады. Ақшаның күші домнаның іші.

Ақшалыға түк жуымайды.

Бағы шын жанған жігітке «кедейлік» жолдас болмайды.

Қолынан іс келмейтіндер әртүрлі айла шараларды іздеп әуре болады.

Кедейлер ортасында бай бола алмайсың.

Баюды армандауды мақсат тұту керек.

Бай өлсе, жүгіреміз, кедей өлсе, күберлейміз.
Біздің қазақтар «кедейлік кетпей ме, байлық жетпей ме» деп еңбек етеді. Нағыз таза үміт пен тілек осы. Осы бағыттан таймаңдар, келер күннің молшылығы көп.

Байлық көктен түспейді, тау астынан келмейді, оның анасы да, атасы да еңбек.

Кедейлік мүлде жойылмайды, бірақ адамзат кедейлікпен өмірбақи күресумен өтеді.

Мен жарық дүниеге келіп, екі жасқа толған соң кедейліктен қамып келемін, ол мені өкшелеп, ауыздықтап қуып келеді, мен жеткізбей келемін, тегі мені көрге дейін қаутын түрі бар. Бірақ мен жасып көрген емеспін, сұраған жанға баймын деймін, олар да сыртымнан бай дейді. Міне, нағыз менің өмірім осындай. 
Кедейлік кеңірдектеп қалмай ақ келеді, мен қашып келемін, қашып келемін, қаша да бермекшімін.

Байлық дүние ғана емес, ол денсаулық, білім, өнер  оған ұмтылу керек.

Кедей бейнет көрген жеріне жүгіре береді! Бұл неге? Расында адам өмірі таңқаларлық ғажайып, аздап ойланып, пікіріңді айт!

Мейірімділік ақша беруде емес, арамдық пен қастық жасамауда. Асыңды ішіп, атаңнан боқтаса, ол мейірімділік емес.

Қалтасы бар бір күн асырайды, адамгершілігі бар мың күн асырайды.

Кедейден шайтан да безіп, байды паналапты, себебі кедей әр ісінде «Алла жар болсын» деп қайталай беріпті.

Аштықтың азабын тартқан қанағатшыл келеді.

Ас қайнаса, тәбетің келеді, ашу қайнаса, төбет үреді.

«Иманда»  байлықтың басына  түнепті.

Аштық пен жоқтық адамды иманды етпейді, оған сын айтып, айыптау ешбір әділеттілікке жатпайды. Аштық адамның жанында ұялаған құдайды өлтіреді.

Тексіз асыңды ішіп қаралайды, текті асыңды ішіп бағалайды.
әркім өз пікіріңде қалмаса, әлемде шешетін мәселе болмас еді.

Үш төрт рет алдансаң, сатуды сен де үйренесің. Бүгінгі күні дәреженнің өсуі арсыздықта, баюдың жөні ұрлықта.

Байлыққа табынсаң алдамшысың, бастыққа жағынсаң  арсызсың.
Адам ақшаны жемейді, ақша адамды жейді.

Ит екеш ит те үрмес бұрын иесіне қарайды.

Сараң ас берсе, арқаңнан қамшы осқандай сезінесің.

Дәмдес — тұздас адамым, кездессе жадырап қаламын.

Тоқтыққа үйренген аштықты көтере алмайды.

 Аштықтың жүгі ауыр, мерт қылады.

Сұрағаныңды берер ем, екі қолым да бос емес, депті бір сараң.

Қу шалқып байып жатады, момын атша соқа тартады.

Ақшаны құма, ақша өзі келетіндей амалды тап, сол үшін оқып үйрен дейміз

Базарға барсаң өз багаңды айта біл, әйтпесе қал- рң қағылады.

Саудагер текке ақша бермейді.

Ақшасы өртенген жанды коргем жоқ.

Арқан қылдан тұрады, сауда пұлдан тұрады.

Нанның жоқтығынан ауыр нәрсе жоқ. Нан бар жерде бақыт та бар, өмір де бар.

Сатудың түрі алдау. Барлық өміріміздің жартысынан көбі алдаудан тұрады. Бұл не деген жандар десеңші!

Кедейлік барлық формацияның қонағы.

Ақшалының реңі нүрлы.

Нан тоқшылығы болмай, ар тоқшылығы ту- доайды

Кедейлікті жасқа да, кәріге де бермесін. Жасты жасытады, кәріні қайғыға бөлейді.

Адам адам болып қалыптасқаннан бері  кедейлікпен күресіп келеді, бірақ жеңгендер санаулы ғана ма деймін.

Тоқтық пен аштық тіршілікте қол созымдай-ақ жерде тұратынын ұмытпа.

Кімге болса да айтарым: тоқ жүр, аш жүр, акылыңнан айырылып қалма.

Ақшасыз қалып көр, қиямет есігінің тұтқасын ұстағандай боласың.

Нанның нан екендігін оның тауқыметін көрген жан ғана айта алады.

Байлығыңды бетке ұстама, ар ұжданыныңды ұста, байлық кетеді, ар ұжданың қалады.

Дәулетің түрса таудағы шыңдайсың, дәулетің тайса, сайдағы тастайсың. Дәулетің болса дәуір таңдама.

Қазақтар «кедейдің бәрін жаман» дегенін ескерген жөн сияқты.

Кедейлікті бірінші жау де, себебі ол достан да, туысқаннан да ажыратады.

Кедейлік ердің құтылмас серігі, бірде жакын- дайды, бірде алыстайды.

Комментариев нет:

Отправить комментарий