вторник, 3 апреля 2012 г.

Әр түрлі ойлар


Мінген атың жүйрік болса, алаңдап артыңа қарама.

Сиыр сипаған сайын тебеген болады.

Шөккен түйе болма, жүйкіген түйе бол.

Жалғыз шапсаң да өз атыңды жүйрік деп сана, саған ешкім «құлагерді» әкеліп бермейді. Сөйтіп, өз сүрлеуіңді өзің салуың керек, бұл адамдықтың нағыз белгісі.

Өлген сиырдың бәрі сүтті.

Жаяу атты ұмытып, есекті аңсапты.

Алтын іздеген не атын, не басын жоғалтады.

Ит үрсе, үш түрлі себеп бар: тамақ сұрайды, бөтен кісі келді, бөтен ит жүр. Үшеуінде де итке көңіл бөліп қараған дұрыс.

Асыңды ішіп, арыңа тисе, не істер ең? Өз басымда талай болды. Жылы жұмсағымды ішіп жей отырып, өзіме арға тиерлік сөздер айтатын. Ондай жағдайда мен сөз қосақтамаймын, өзіме белгілі бір әнді ыңылдап айтып, сабырлық сақтаймын.Сүйтіп пәле іздегеннен құтылып жүрдім.

Аллаң  алалап берсе, үкіметің алдап берсе, қайсысың құрметтейсің? Ойланып көріп, өзің тап!

Аттым ұшты, жақтым лаулады ердің сөзі.

Ырысты болмай, білісті болмайсың.

Шыңға шығу қиын, түсу одан да қиын ба деймін, себебі жоғарыдан төмен түсу көңіл күйімізге жағымсыз әрекет емес пе?

Нені көксеп армандасаң, сол алыстай береді.

Бөтен иттің маңдайнан сипағанша, өз итіңнің аузын сүй, қауып алмайтынына сенімдісің.

Күлді деп ашуланба, бірге күл, сонда күлуін тоқтатады.

Мақсатың жақындаса, басың көтеріледі, алыстаса, иығың түседі, басың салбырайды, сондықтан қажымайтын қайсарлық керек.

Есте жүрген ескірмейді.

Ата, бір сұрағым бар. Қоя ғой. Шинеш пен серкеш бір  ешкі ме, бір бірінен айырмасы қандай? Е, балам, қазіргі үйлерде ешкі жоқ. Бұрын біз сендей күндерімізде шинеш пен серкешті айыра алатын едік, саған сөгіс жоқ, айтайын. Шинеш бір жылдық ешкінің ұрғашысы, ал серкеш бір жылдық ешкінің еркегі, балам, депті атасы.

Сүрінген сүйенер іздейді.

Қым-ғуытқа үйренген, соны іздеп жүреді.

Итпен мысықты ашуландырма, қожам деп қарамайды, жаралайды.

Бір төбеге шығып, мың төбе астым деме, төбенің де төбесі бар.

Уатқанның бәрі ұнатқан емес.

Өсекші сөйлемесе де, еріні жыбырлайды.

Кей бөспелер: балықты сүтпен тамақтандырғандай.

Кей қулар құсты сауып, тасты емген.

Кішіні сыйласаң, үлкен өзі де түсінеді.

Оспақтың артында бір пікір бар, шамаң келсе тауып көр.

Ит үрді деп, мылтық атпа, ит күнде үреді емес пе?

Төбелесу бір минуттік, татуласу мың минуттік.

Күшіктің ит болатының ескерген жөн.

Адамға кездескен сайын амандас, себебі қайта амандасуына кепілдік жоқ.

Мыс пен жезді қанша сипасаң да алтын болмас.

Немере алдап келеді, жиен арбап келеді.

Ұлан болсаң, қыран бол.

Еститін кісі іздеме, тыңдайтын кісі ізде.

Қолдай білсең, қорғаушы өзі келеді.

Асыл деп ие берме, жасық деп бұра берме.

Сәті келсе аларсың, сәтсіз болса қаларсың, талпына бер!

Миллион-миллион деп жүрсең, миллионға жолығарсың.

Көлеңкесіне айтқаныңды, көргенде де айт.

Көңілдіге қол созып жүргендейсің.

Борышым жоқ деме, кеңінен ойлансаң, ол тау тау екенін білесің.

Қолыңда бар азға риза болсаң, көп өзі келеді.

Асықсаң алданасың, бастан кештім.

Кей күлкі күйіндіреді, сүріндіреді, қайсыбірі көңілдендіреді,
көркейтеді.

Нәпсісіз адам болмайды.

Көмек берген адамыңды, көзің жұмылғанша деме.

Біреудің қуанышын өз қуанышындай қабылда, саған да сол күн
келеді.

Қызығып көр, қызыққаныңа өкінесің.

Бостандық таңы жеткен ді, мұңаю бізден кеткен ді.

Көшіп келсең, көршіңді таны.

Таязды бойла, тереңді малты, әйтпесе суға кетесің.

Адамның қолда барын іске асыра алмаса, үлкен өкініш.

Асыл — аз, жасық — көп.

Біреу айғайлайды, біреу қайдалайды, бірақ нені екенін өздері де білмейді.

Бақ қонғанмен дауласпа, дәуірі жүріп, дәурені келісіп тұр.

Өзіңді-өзің тым көтере берме, бәрі бір ортаңнан асып кетпейсің, қайта төмендейсің бе деймін?

Тасты қырнасақ қайрақ, балта өткізбесе, пышақ өткізеді.

Сақина да саусақ таңдайды.

Көл тартылмай ма, шөл суланбай ма?

Іздегеніңді кырық жылда табасың.

Толкынның тынғаны, мұхиттың қалғып кеткені.

Жоғарғыдан төмен түсу әп-сәттік, төменнен жо- гары көтерілу көп-сәттік.

Ашыған «И», таздың басына құй. Қышуы қанып, алсын сый.

Дөкей сөйлесе, дөң қозғалады, астында қалмай тыңдай бер.

Үш нәрсені сыйла: бойындағы арыңды, жаныңдағы жұбайынды, ас тұзыңды, басқа сыйласулар өзі келіп кете береді.
                                            
Тайып кетсе табаның, топ етерсің, қарағым!
Тентекте бір тектілік бар, тауып көріңдер.

Өктем болсаң жұтты кетір.

Кәрі қасқыр жас қасқырды бастаушы.

Жолдың дұрысы шалдықпаудың кепілі.

Жаратқанда сайтанмен алысып, ит жығыспен келеді.

Күн бетіндегі дақ, оның кемшілігі емес.

Тәуекел ертеулі ат, мінесін де жетесің, жете алмасаң, аттан ұшып кетесің.

Адам мен адам сөйлессе, бір кемшілік жойылғандай ма, қалай?

Ұрсу оңай, түзетіп бағыт беру қиын-ақ.

Өзіңнен жоғары тұрғанға тас лақтырма, басыңа түседі, өзіңнен төменгіге топырақ шашпа, көкірегіңе кіреді.

Қысқа жіп ұзармай ма, ұзын жіп кысқармай ма, ол кімнің қолына түсетініне байланысты! Молланы сынға ала бермеңдер, ол да алланың құлы.

Жетім-жесірді есіркеп, артығың болса бере жүр, бірінің рахметі тиетін болар.

Қашқанды қума, жол азабын көресің, келгенді кеудеден итерме,
көңілі толсын.

Өзімшіл болма, олшыл бол, сонда өзіңді-өзің тани түсесің.

Өзегің талмай өзгені көрмейсің.

Қысқа жіп ұзармай ма, ұзын жіп кысқармай ма, ол кімнің қолына түсетініне байланысты!

Тырнақсыз саусақ, тұяқсыз қыран.

Сұңқар жоқта, жапалақ үстемдік етер.

Бірде қасқыр, бірде мысық, ізденген жігіт пысық.

 Төзе төзе түзелем деме, төзудің де тозуы бар.

Табалап-табалап табаң тартпа, одан да таяқпен үйден қуып шық.

Сүйгенің сұңқар болсын, мінгенің тұлпар болсын, бірлігің аса
берсін, атағың жасай берсін.

Сәлемдесу тіршіліктің төл құжаты.

Өртті — өрт, оқты — оқ тоқтатады.

Тар жол болады, тар көңілділікті өзің жасама.

Өзіңді-өзің бәз-бәз көтеріп жүрмесең, басқа итеріп тастайды.

Шоқ жатып жылу бермейді, жануы керек.

Шоқ сөніп күл болады, сонда оны керекті жеріңе қауіпсіз шаша аласың.

Мекер адамдар күтпеген жерден күтетін монтанды жандар.

Қалтаңнан алғанды, қаптан да алады.

Басты былай қойғанда, аяқтың өзі жүретін жолды таңдайды.

Басыңа іс түскенде, асқақ мінезді, тәкаппар көңілдегі пендеге
кездесе көрме.

Әркімнің өз әні, өз сәні, өз мәнері бар, оны озгертем деп әуре болмай-ақ қой.

Өтпес пышақ жоқ, қайрауын келістіретін кісісі жоқ.

Адамдар ән салып, би билеп, музыка ойнамаса, жоғалып кеткен болар еді.

 Иреңдеген құрт та жұмсаққа жорғалайды.

Көп желіккен — ренжиді.

Тайып жығылсаң, жерге өкпелеме.

Қозғалмайтын тас жоқ, қобалжымас бас жоқ.

Пікір алыспай, кісілер жанаспайды.

Асылы бардың, жасығы да бар.

 «Он екі мүшеге жұмыс берсең, басың шынығар» дейді, бірақ он
 үшінші  мүшені сырт қалдырады.

Көз көруге ғана берілген жоқ, сезуге де берілген.

Аруақты бетке ұстап сәуегейлік жасауға болмайды, сәуегейлік өз тәжірибеңнен, өз бойыңдағы қасиеттен тусын.

Біздің сұр миымыз ұйқыға бейімделген, жата бергісі келеді, сондықтан оны сырттан түртпектеп, әлсін-әлсін оятып отыру қажет. Ми өз қүпиясын, кереметін шығаруға асықпайды, біз оны жұмыс істетудің әдісін тауып, толқыта білуіміз керек.

Жара түскен жүректі, жас кәрі деп бөлуге болмайды, тартар азабы бірдей.

Не жоқ, сол — алтын.

Қателесіп көр, өзіңе қараған әр түрлі көздерді көресің, тіпті көздер түсіңе де кіреді.

Атылған оқтың екі күйі бар: біреуді сүйіндіреді, біреуді күйіндіреді.

Біз мың құбылған ритмнің тұтқынында жүрміз.

Өріс кеңеймей, көңіл сергімейді.

Сәтсіздік деп қажыма, сәті түсер де кез болады.

Не жоқ болса, сол қажетті.

Адамды адам ететін де жағдай, надан ететін де жағдай.

Екі жерде екім төрт деп отырып алма, бес те  болатын жағдай туады, өмір дегеніміз осы.

Па, шіркін дәреже! Жоғары көтерілген шалқиды, акылды болып ақырады, туған-туысты шақырады, халық білмес деп жасырады. Дәреже төмендесе сөз ұғатын жан болады, қарапайым шәй ішетін қал болады.

Құмартқанның бәрі сәтті бола бермейді, сәтсіздіксіз құмартқаның келмейді.

Құдыққа түспес бұрын, арқаныңды тексер.

Еш нәрседен безіп құтыла алмайсың, белді мықтап буып, қақ ортасында жүргенге жетер жоқ.

Біз қауіп-қатердің тұтқынында жүреміз, бірақ оны елеп ескермейміз, себебі барлық жағдайдың қожасы санайтын сезім терең орналасқан, бұл ақылдың парасаттылығының жемісі.

Боранда жол жүрме, өз көзіңе өзің сенбе.

Байлам үш түрлі: ой байламы, тіл байламы, жүрек байламы.

Басыңа үнемі күн түспейді, көлеңке де түседі, одан адам шыңдалып жетіле береді.

Мақсат алу мен жеуде емес, оларды табудың жолын іздеуде.

Өзіңді өзің әйгілі етпесең, ел сені әйгілі етпейді, табынына салып баса береді, баса береді

Күшік деп маңдайынан сипай берме, төбет болып төбеңе шықпасына кепілдік жоқ.

Ит иттігін істемей жай таппайды.

Тиын айналмай, теңге байланбайды.

Ақсақалдар айтушы еді: «Кеспе көже күн батқанша, бидай көже ел жатқанша, тары көже таң атқанша»,— деп. Нағыз өмірдің өзінен алынған қанатты сөз.

Қиял да кейде адамға жұбаныш бола алады.

Саусақ жұмылмай теңеле қоймас.

Қателік тәжірибенің аздығынан, немесе деректің жеткіліксіздігінен туындайды, сондықтан қорытынды жасауға ешқашан асығыстық жасамау дұрыс.

Демалыс дегеніміз: еңбектену, ойлау, көру, қызығу, қуану және күлу.

Жүгің ауырламасың десең, миына салмақ түсір.

Тірлікте үйің болсың, өлсең молаң болсын.

Кемшілікті көре білуге дағдыланба, екінің бірін- де бар, соНдықтан болдырмауға дағдылан.

Өтінішпен келген адамды барлық шын ниетіңмен қаб?ылдап, өтінішін нақтылы шешуге күш сал, себебі етінішіен келгенде бірақ мақсат бар, істің дұрыс- бұрыстыгына көз жеткізу

Ат болса мінетін кісі табылар.

Бағынып көрмей, басыңдағыны білмейсің.

Бармақ екі-ақ саусаққа ие, калған екеуі көмек- ші, бірақ бірігіп қол болады.

Шын жының болса бақсы бол, жоқты табасың, өтірік жының болса еңбек ет, өлмес күніңді көрёсің.

Ескіні көрмесең, жаңаны таба алмайсың.

Ұйқышы бір түсті үш рет көреді.

Дұрыс жолда болсаң, іздегеніңді табасың.

Есті болмай, ерікті бола алмайсың.

Талап — тұлпар, бірақ ол әркімдерге ұстата бермейді.

Көрші көргенін де, естігенін де айтады.

Жуас сүйгенінен айырылар.

Жоқ алтынды жерден іздеме, он саусағыңнын өзі алтын.

Мен өз басыма келсем, әлі де талап-тілек, қажырлық, ізденушілік, жетпей келе жатқан адаммын: олар менен қашып келеді, мен қуып
келемін.

Кейбір кездерімде көкейімде өзімде білмейтін бір алыс дыбыс естіліп тұрғандай сезінемін.

Еш нәрсенің шегі жоқ, сенсең де, сенбесең де, өзің біл, бірақ бұл анық.

Ақыл шешпегенді ақша шешіп жүр, қорытындысын арақ-шараппен жуып жүр.

Жесе тоймас, алса бермес, сұраса қоймас, жүрсе білінбес, кірсе көрінбес адамдар әлі бар-ау!

Қазақ «есексің» десең өкпелейді, «қасқырсың» десең қуанады.

Қолымыздан да, ойымыздан да нәтиже шығара алмасақ, бір Алла деп тынасың, басқа лажың жоқ.

Түсінгенге ашуымды кешірем, түсінбегенге есірем.

Барды бағала, жоқты ізде, тарығып жолға шықпа, қуана шық.

Жандының да, жансыздың да сыры бар, зер салып мән жайын біліп ал.

Талғампаз болма, жасампаз бол, талғам ең соңында келеді.
Келешектің қызықтыратыны оның жұмбақтылығында.

Ісі бапты жігіттің келешегі жарық, нұрлы күн күтіп тұр, шыға бер.

Күдік істің иісі алыстан сезіледі.

Жаңа ескінің бір нүктесінен туады, көп нүктеден іздейтін нүктеңді танып
тауып ал.

Зергер толғанады, көрген назданады.

Сенім күдікке, күдік сенімге әкеледі.

Кексе тартқанда өзіңді өзің жігерлендіріп жүрмесең, күн сайын төмендей бересің.

Өзіңнен  өзің үнемде де, артығын жетімдерге бер.

Нәпсінің құлы болсаң, басыңнан азап кетпейді. Нәпсіңді тежеп жүрсең, ешбір пәле жетпейді.

Төре түқымы төрелігін жығылып жатса да көр. сетеді.

Бақылау мен тәжірибе шешендіктің алтын кілті

Жұлдыз кішкене болып көрінсе де, жерден жүз есе үлкен екендігі шындық.

Бағалай білген адамға: аққу атылмайды, бүлбұл сатылмайды.

Саф алтындай сабазды, ізденген жан табадьД

Көз көргенге оқ атпа,
Дэмін татқанның арын сатпа.

Жаяу жұрсең жаның сергек, көңілің көтеріңкі.

Реформалар жүргізу қоғамды кезекті емдеу, аурудан сақтандыру.
           
Өңіңе қарасып өкпелеспейсің,
Көңіліңді бірақ сездірмейсің.

Аузыңнан тісің кетсе, қайратыңнан айырылдым дей бер.

-Бұрынғы «әулиелер» әйел затынан безініп, қазіргі «әулиелер» әйелдерді көшеде қолтығына қысып жүреді.

Жоқ жаман емес, бардың жоқ болғаны жаман.

- Жоғалтқан ар-ұятың базарға ұстаған ақшаңмен бірдейқайтып келмейді.

-Біз, еркектер, өзімізді жек көргендерге құмартамыз, ал бізді жақсы көргендерді елеп ескермейміз.

Шын жаратқаныңды жақтайтын болсаң, халқыңнан без, әйтпесе күнәға белшеңнен батасың,- депті молла досына.

Өсек айтпаймын десең, күнде аузыңды суға толтырып жүр,- депті.

Үш нәрсеге қарыздармын: біріншісіжарық дүниеге әкелген анама, екіншісі – «А» мен «Я» үйреткен ұстазыма, үшіншісікітапқа.

Бірінші бокалды ішесің өзің үшін, екінші бокалды ішесің досың үшін, үшінші бокалды ішесің жау табу үшін. Сондықтан, тіл алсаң, екі бокалмен тоқтатқан жөн.

- Айтқан ойыңнан қайтпаймын десең, үйінде барып отыра бер,- депті.

- Шын жаратқаныңды танығын келсе, ашығып көр, келмеске жолдама беретінін кепілдік беремін.

Әйеліңнен айырылғың келсе, құдай жолына түс,- депті бір молла досына.

Қисық ағаштың көлеңкесін түзеткің келсе, әуелі сол ағашты түзет.

Бояңыз махаббатқа, достың зұлымдығына, жаудың қорлығына кездесе көрмеңдер.

Аз болсын, көп болсын бардың бәрі жақсы, не қажеттілігің жоқ, сол жаман.

Үш аттайтын жерді бір аттама, үш еңкейесің.

Не жоқ болса сол қинайды, састырады, көңі- ліңді жүдетеді, адамдығыңды қорлайды, бірақ қажы- мас, жүрегінде оты бар ер осының бәріне шыдап, үміт керуеніне отырып, нақ тәуекелге бел байлап түбі бір жоғын табады, талаптанып іздене беріңдер.

Үйіңде асыңды ішіп-жеп отырып, өзіңді тірідей көрге бір салып, бір суырып сөз айтып отырса, еш- теңе демей-ақ тыңдай бер, жазасын өзіне-өзі айтыгі отырганын ескермейді.

Алақанда бар аузыңада түсер еді-ау, бірақ ала- канла болуы үшін, саусақтарың қимылдауы қажот.

Жатқан адам таспен тең, тәуекел деп козгала беп,


Шаруашылықтың мән-жайын шаруадан сұра, отбасының көңіл-күйін әйеліңнен сұра, қала берсе балаңнан сұра.

Өзіңді-өзің елге көрсете білуің үшін, ішкі сезімің сенімді болуы шарт, қобалжымас қайсарлық, қайтпас ерлік қажет.

«Мыңнан — жүйрік» шығады, дейді халық, ол мыңның бірі сенсің, бірақ мыңның алдында, қос артында келесің, бұл азап пен бейнет пе? Осылай мыңның артында жүре бересің бе? Жоқ, мыңның алдына шығудың жолын ізде, оны қалай табасың? Мәселе осында. Ізденіп көр, қиындыққа берілме, жетесің, «ізденген жан-мұратқа, бәрі жеткен» деген халық әні бар екені рас, оны өмір тудырған.

Комментариев нет:

Отправить комментарий